Оқиғалар

Жамбыл облысында оқу-жаттығу кезінде әскери дрон құлады

Оқиға 2 маусым күні Талас ауданында жоспарлы оқу-жаттығу барысында болған.

Ұшқышсыз ұшу аппараты

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Алдын ала мәлімет бойынша, дронның төтенше жағдайда қонуына техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

«Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді», - делінген хабарламада.

Аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз