Жаңа министр Әлназарова жұмысын неден бастайтынын айтты
Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназарова жұмысын МӘМС-ті ретке келтірумен бастайтынын айтты, деп жазды Zhasalash.kz.
«Жұмысымызды президент тапсырмаларын орындаудан бастаймыз. Кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы тарапынан тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Президенттің нақты тапсырмасы – МӘМС жүйесі. Бүгінде медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысында нақты нәтиже жоқ. Осыған байланысты МӘМС-ке сын көзқараспен қарап, жұмысты өзгерту мәселесін қарастырамыз. Кеше осы жұмысты бастап кеттік десек те болады», - деді ведомство басшысы Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Министр МӘМС жүйесіне қатысты асығыс шешім қабылдауға болмайтынын айтты.
«Алайда (бұл мәселеде) тез шешім қабылдауға болмайды. Себебі, халықпен жұмыс істеу керек. Сондықтан мұнда асығыс шешім қабылданбауы керек. Тиісті сарапшыларды сырттан да тартып жатырмыз. Себебі, қателесуге болмайды», - деді Ақмарал Әлназарова.
Еске салайық, 6 қаңтар күні үкіметтің пленарлық отырысында Денсаулық сақтау министрі лауазымына Ақмарал Әлназарова тағайындалған еді.