Оқиғалар

Жаңақорғанда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіттің мәйіті құдықтан табылды

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 20 жастағы Мейіржан Рүстемнің мәйіті жергілікті су құбырының құдығынан табылды. Қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті ретінде марқұмның 15 жастағы туған інісін қамауға алды.

Полиция

Марқұмның туыстарының айтуынша, ол 30 мамыр күні кешке үй ауласында түнеп қалған. Алайда таңертеңнен бері хабар-ошарсыз кеткен жігітті жақындары өз күштерімен іздеген. Бір тәуліктен кейін оның денесі су құбыры орналасқан құдықтан табылған. Марқұмның анасы ұлының денесінде көгерген іздер болғанын және мойнынан жіптің таңбасын байқағанын айтып, қылмысты бір адамның жасағанына күмән келтірді.

"Баламның денесінде көптеген көгерген іздер болды. Ол соңына дейін қарсылық көрсеткен сияқты. Мұны жалғыз адам жасады дегенге сенбеймін. Ал қазір күдікті ретінде 15 жастағы ұлым ұсталып отыр", - дейді Кенже Дүйсенбиева. 

Облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы негізінде іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз