Әлеумет

Жануарларға қатыгездік үшін жаза күшейеді: айыппұл өсіп, қылмыстық жауапкершілік қатаңдайды

Заң жобасында жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілікті едәуір күшейту ұсынылып отыр.

Қаңғыбас иттер

Заң жобасына сәйкес, жануарларға қасақана ауырлық келтіру, жарақаттау немесе олардың өліміне әкеп соқтыру фактілері үшін әкімшілік жаза қатаңдатылады. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін салынатын айыппұл көлемі істің ауырлығына қарай бірнеше есеге ұлғайтылмақ.

Ал қайталанған немесе ауыр жағдайларда қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Атап айтқанда, 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген. Егер іс ауырлататын мән-жайлармен байланысты болса, үш жылға дейін бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар бес жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру және мүлкін тәркілеу де қарастырылған.

Құжатта қосымша шаралар да бар. Мәселен, құқық бұзушылық құралдарын тәркілеу және болашақта жануар асырау құқығынан айыру мүмкіндігі енгізіледі.

Сондай-ақ алдын алу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тәрбие және ағарту шаралары күшейтіліп, қоғамда жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру көзделіп отыр.

Жалпы, ұсынылған өзгерістер жануарларға қатыгездік фактілерін азайтып, оларды қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз