Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:05

Жапаров бас прокурордың бірінші орынбасарын қызметінен босатты

Баймирза Маатов
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін Қырғызстан парламентінің спикері, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы және оның орынбасарларының да отставкаға кеткені хабарланған болатын.

Қырғызстан Бас прокуратурасында кадрлық өзгерістер орын алды. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаровтың әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабарламаға сәйкес, Баймирза Маатов бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымда 2024 жылдан бері жұмыс істеп келген.

Оның орнына Малик Бектурғанов тағайындалды. Бұған дейін ол бас прокурордың орынбасары қызметін атқарған.

Сонымен қатар, Жапаровтың жарлығымен Залқарбек Ақназаров бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін Қырғызстан парламенті (Жогорку Кенеш) спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы (Нұрланбек Шакиев) отставкаға кеткенін жариялаған еді.

10 ақпан күні Садыр Жапаров елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамчыбек Ташиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Сондай-ақ, оның орынбасарлары — Даниэл Рисалиев, Құрбанбек Авазов, Элизар Сманов, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Рүстем Мамасадықов та қызметінен босатылды.

Жапаров «Хабар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында бұл шешімді ел мүддесін ескере отырып қабылдағанын айтқан.