Жапаров қарындасы үшін халықтан кешірім сұрады
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиен қарындасы Лазат Нұрқожоеваның әлеуметтік желідегі әрекеті үшін қырғыз халқынан кешірім сұрады.
Ол «Кабар» агенттігіне сұхбат беріп, әпкесі Лаззат Нұрқожаеваның төңірегіндегі пікірталастарға тоқталды.
«Әрине, ағаларыма, олардың балаларына қатаң талап қоямын. Бұрынғы қателіктерді қайталамауды, мемлекет ісіне араласпауды үнемі ескертіп келемін. Мен басқаларды сынайтынмын. Енді маған келді. Ал мен ақыл тоқтатып үлгермеген қарындасым үшін халықтан кешірім сұраймын. Ол да халықтың пікірін тыңдайды, дұрыс қорытынды шығарады деп ойлаймын. Оның үстіне ол өмірлік сапарға шығып, отбасын құрғалы жатыр, енді олар алдын ала ақылмен әрекет етеді деп сенемін», - деді президент.
Айта кетейік, президенттің жиен қарындасы Лаззат Нұрқожоеваға үйлену туралы ұсыныс 24 маусым күні Ору-Сай шатқалында жасалған. Онда ел басшысының жиені сүйіктісімен бірге Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен ұшқан. Бұл оқиға көпшілік арасында наразылық тудырды.