Жапония өзінің алғашқы Айға қону аппаратын ұшырды
Жапонияның аэроғарыштық барлау агенттігі (JAXA) құрастырған алғашқы SLIM айға қону аппараты ғарышқа ұшырылды.
Зымыран тасығыш 7 қыркүйек, бейсенбі күні Кагосима префектурасының оңтүстігіндегі Танегасима ғарыш орталығынан жергілікті уақыт бойынша 08:42-де ұшты.
Ұшырылым ауа райына байланысты бірнеше рет кейінге шегерілді.
Модульдің Жер серігінің бетіне қонуы ұшырылған сәттен бастап 4-6 ай ішінде күтілуде. Миссия аясында зонд роверді (кез келген жолда немесе жолсыз жерде жүре алатын көлік) және мультиспектрлі камераны пайдаланып, осы уақытқа дейін аз зерттелген Ай мантиясының құрамын талдайды.
Құрылғыны әзірлеуде қолданылатын технологиялар 100 метрден аспайтын қателікпен белгілі бір жерге қонуға мүмкіндік береді. Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін Айға қону кезінде бұл көрсеткіш бірнеше шақырымға жеткен.
«Адамзат енді оңай болған жерге емес, қалаған жеріне қона алады», — деп хабарлады JAXA ұшырылым алдында.
Үнді аппаратының Айға сәтті қонуы
Екі апта бұрын үнділік ғарыш кемесі Чандраян-3 миссиясы аясында Айдың бетіне сәтті қонды. Үндістан жер серігінің бетіне ғарыш аппаратын қондырған төртінші ел атанды. Бұдан бұрын Кеңес Одағы, АҚШ, Қытай бұд дәрежеге қол жеткізген. Дәл осы уақытта Ресейдің «Луна-25» стансасы тамыз айының соңында Айға қонуға әрекеттену кезінде апатқа ұшырады.