Баған

«Жас Алаш» – 100 Сіздерге сенеміз!

Мен бұдан бірер жыл бұрын «БиназарАгро» деген атаумен ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құрдым.

«Жас  Алаш» – 100  Сіздерге сенеміз!

2017 жылыжалпы көлемі бес гектар жерге қаржы салдық. Оның төрт гектары алма бақ жәнеорман питомнигі, бір гектары жүгері болды. Отырғызылған көшеттердің жалпы саны– 10 мың түп. Сол жылы шілде айына дейін судың болмауы салдарынан құдық қазып,қолмен суарып, оның 500 түбін ғана аман алып қалған едік. Жеміс ағашыкөшеттерінің нарықтағы бағасы 500 теңгеден деп есептегенде, сол жылы тек алмабақтың өзінен 5 миллион теңгеге шығынға баттық. 

 Ал 2018 жылы 14 гектар жерге қаржысалдық. Жалпысаны 40 мың түп тал ектік. Оның 20 мың талы қаламшадан еккен сәндік ағаш, бес түпрайхан гүлі, 4000 түп қарағай, 10 мың түрлі жеміс ағашы және 500 түп шырша. Бұлжылы да шілдеге дейін су болмай, бас-аяғы екі гектардың ғана өнімін әзер дегендеаман алып қалдық. Сөйтіп, 10 миллион теңгеге шығынға ұшырадық.

 Бұл бір ғана менің басымдағы жағдайемес, Мойынқұмдағы бес ауылдың мәселесі еді. Осылайшатауымыз шағылып, танауымыз тасқа тиген шақта «Жас Алашқа» хабарластық. Біздіңбасымыздағы жағдай бойынша «Мойынқұмдықтар Мырзахметовті күтіп жүр», «Космосзаманында канал тазалап бере алмай отыр»,тағы басқа да бірнеше мақала бірінен соң бірі жарық көрді.   Осы жағдай әсер етті ме, сол жылы біздіңмәселемізді жүре тыңдаған аудан әкімі Бақытжан Нүркенов қызметінен кетіп,орнына Мәден Мұсаев келді. Ол кісі келе салысымен «Биыл судан таршылық көрмейсіздер, меніоблыстан осы шаруаны шешуге арнайы жіберіп отыр. «Ер кезегі үшке дейін» дегенемес пе, биыл сіздерге мен кепіл боламын»деп, жігерімізді жанып,қолдау білдірді.  Сөйтіп, өткен жылытоғыз гектар жерге жүгері, 10 гектарға жоңышқа, 20 мың түп тал ектім. Әкімуәдесінде тұрып, көктем-жаз бойы су үзілген жоқ. Жүгеріден гектарына сегізтоннадан өнім алдым. Еккен тал-дарақтарымыз жайқалып, көктеп тұр. Жоңышқадан дамалдың қыстық шөбін толық қамтамасыз ететін өнім жинап алып, артылғанын саттым.

Бұл ретте шалғайдағы біздің мәселеміз бойынша арнайы келіп, дүркін-дүркінматериалдар дайындаған «Жас Алаш» газетіне және ауданымызға жыл құсындай болыпкелген әкіміміз Мәден Мұсаевқа мың да бір алғысымызды айтқым келеді.  Басқа өңірді қайдам, Жамбылда жанықысылғандар «Жас Алашқа» жүгінетінін ел жақсы біледі. Ахмет Байтұрсыновшаайтсақ, «халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Аймақта  өз қызметін адал атқарып келе жатқан  «Жас Алаштың» оқырманы көп.  Ғұмыры ұзақ болсын деп тілеймін! 

Қамбар АТАЕВ 

Мойынқұм ауданы

Жамбыл облысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз