Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:26, 08 Сәуір 2024

«Жас Алаш» қызметкерлері тасқыннан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды

су тасқыны
Фото: из открытых источников

 Еліміздегі су тасқынына байланысты 10 өңірде төтенше жағдай жарияланды. 76 мың адам эвакуацияланып, 7 мыңнан аса адам уақытша орталықтарда тұрып жатыр.

Оларға еліміздің түкпір-түкпірінен қаржылай және материалдық көмек жеткізіліп жатыр. Тіпті көрші Қырғыз Республикасынан да гуманитарлық көмек келді.

Осы қатарда «Жас Алаш» қызметкерлері тасқын судан зардап шеккендерге көмек ретінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына бір күндік жалақысын аударды.

Тегтер: