Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:52, 04 Қазан 2022

«Жас Алашқа» рақмет!

None
None

Жақында «Жас Алашта» Мамытбек Қалдыбайұлының  Солдаттың баласы деген деректі әңгімесі жарияланды.

Кейіпкері Шу ауданының тұрғыны 86 жастағы Тұрсын Жетпісбаев өте ақылды, принципшіл, дарылдауды жан-тәнімен жек көретін, тамаша қария екен.

    Бәрінен Бауыржан Момышұлымен кездесіп, сырласқаны туралы бүгінге дейін ешкімге тіс жармай, өзінде сақтап келгені, автобаза директоры болып тұрған кезінде тәртіп бұзған туған күйеу баласын жұмыстан шығарып жібергені қандай әділдік?! Бұл үлкен, кіші басшылардың бәріне өнеге. Тұрсынның тұлабойындағы осы тәрізді толып жатқан жақсы қасиеттері маған ол кісіні Бауыржан Момышұлының бір түрі деген ой туғызды.

     Тұрсынның  малтасын езгендерден емес, өзінен бірдеңе шығатынын бірден

сезген Баукең – үлкен шыдамдылықпен сұрақтар қойып, оны өзімен тең көре сырласа білгені қандай асыл адамгершілік?!

     Еңбегімен, ақылымен абырой-құрметке жеткен Тұрсын қарияның есте сақтау қабілеті де, Баукеңнің қарапайым еңбек адамын ардақтап, бағалауы да мені сүйсінтті. Әр азамат Баукеңдей, Тұрсын қариядай әділ, адал бола білуі керек деген ойға еріксіз берілдім. Мұндай сөзді айту оңай, оны іс жүзінде орындау қиынның қиыны екенін, абырой-құрметке әркім жылтыр сөзімен емес, ақыл-ойы, қайраты арқылы ғана жететінін «Солдаттың баласы» әңгімесін оқыған оқырман, әсіресе жастар өмірлік тағылым алары сөзсіз. Шынайы шығарма осындай болса керек.

     Соңғы кезде газет:  Нар тұлғалы Нұрмаханов«Жұмекеннің құдіреті», Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес«Елім-айы» жоқ ерікті шұбырынды тәрізді көптеген ойлы дүниелерді рахаттанып оқып, рухани нәр алдым. «Жас Алаштың» осы бағыттан айнымай шығармашылықпен іздене бергенін қалаймын, әрі тілеулеспін.

Тегтер: