Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:42, 15 Мамыр 2024

Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтерілетіні айтылды

f
Фото: из открытых источников

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның батыс өңіріне Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатқанын мәлімдеді.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 553 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 988 см болған. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. 

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.  Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды, делінген хабарламада.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Фото: ортком

Тегтер: