Жер астынан шыға алмай қалған 41 құрылысшы 17 күннен соң құтқарылды
Үндістанның солтүстігінде Уттаракханд штатында 28 қарашада құтқару отряды тоннель астында шыға алмай қалған 41 жұмысшыны жер үстіне шығарды. Құтқару операциясы 17 күнге созылған.
Үндістанның солтүстігінде Уттаракханд штатында 28 қарашада құтқару отряды тоннель астында шыға алмай қалған 41 жұмысшыны жер үстіне шығарды. Құтқару операциясы 17 күнге созылған.
Үндістан көлік министрі Нитин Гадкари барлық жұмысшының құтқарылуына "қуанғанын мәлімдеп, мойнынан ауыр жүк түскендей жеңілдеп" қалғанын айтты.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди құтқарушылардың ерлігі мен шыдамдылығы тұтас елді қанаттандырғанын айтты.
Уттаракханд штатында жол тоннелі 12 қарашада опырылып құлап, 41 жұмысшы жер үстіне шыға алмай қалған. Жұмысшылар ұзындығы 825 шақырымға созылатын жылдам қозғалысқа арналған шоссенің бір бөлігін салып жатқан.
Тоннель салушыларды құтқаруға жүзден аса адам қатысқан. Жұмысшылар орналасқан жаққа ұңғыма қазылып, сол арқылы оларға тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізіліп отырған.