Қоғам

Жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған компания мемлекетке 600 млн теңгеден астам залал келтірді

Атырау облысында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңсыздық әрекеті әшкере болды.

к

Прокуратура мәліметінше, «ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газ жоғалып, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған.

Бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу болып табылады (көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек), делінген хабарламада.

Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептеліп, 673 130 278 теңгені құрады.

Жер қойнауын пайдаланушымен ерікті түрде 285 000 000 теңге төленген.

Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз