Live

Жетісуда полицейге шабуыл жасаған ер адам сотталды

Жетісу облысының Қаратал ауданында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

сот

Ведомство мәліметінше, учаскелік инспектор «102» пультіне түскен шақырту бойынша оқиға орнына барған кезде ер адам заңды талаптарға бағынудың орнына агрессия танытқан.

«Қаратал ауданында билік өкіліне қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданған жергілікті тұрғынға үкім шығарылды», - делінген хабарламада.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті полиция қызметкерінің бет тұсынан ұрып, қызметтік бейнежетонды жұлып алған және погонды бүлдірген.

Қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сотталған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылды. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық көлемде өтелген.

Тегтер: Сот
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз