Саясат

Жоғарғы сот төрағасы: Жұмыссыз жүргендер судья болғысы келеді

Қазақстан Жоғарғы сотында 200-ден астам судья жетіспейді. Жалпы, соңғы жылдары судьялар саны азайып келеді.

Жоғарғы сот төрағасы: Жұмыссыз жүргендер судья болғысы келеді
Тіпті, судья болғысы келетіндер саны күннен күнге төмендеп, 2018 жылы 2017 жылға қарағанда 5 есеге азайған. Былтыр 29 адам сот төрағасы атаныпты.КТК арнасының хабарлауынша, мұның себебі – соңғы жылдардағы судьяларға қойылатын талаптардың күшейгендігінде. Біліктілік талаптарын күшейту әлі де жалғасуы мүмкін. Психологиялық тестілеу, заңдық білімін тексеру және комиссия мүшелерімен сұхбаттасу қарсаңындағы өзін ұстауы ғана емес, бұдан былай судья болғысы келетіндерді шындық детекторының көмегімен тексере бастауы мүмкін.Мәжіліс депутаттары мұндай қатаң іріктеу судья болғысы келетіндердің санын азайтады дейді. Бұл өз кезегінде жүйенің өзгеруіне, жақсы бағытқа бет бұруына мүмкіндік береді дейді олар. Қазіргі күшейтілген талаптар нәтижесі – үміткерлердің көпшілігінің біліктілігі ең төменгі деңгейге де жетпейтін болып шыққан. Осыдан да қазір Жоғарғы сотта 200-ден астам судьяның орны бос тұр.«Судья болғысы келетіндердің саны 5 есеге азайды. Неге? Себебі олардың деңгейі тексеріле бастады. Одан да бос орын болсын. Ұстаным осындай. Біздің мақсатымыз бос орындарды толтыру емес. Жұмыссыз жүргендер, құқық қорғау органдарынан өз орнын таппағандар судья болғысы келеді. Мен лайықты адамдардың келетініне сенемін. Саны аз болса да, сапасы жоғары болсын», – дейді Жоғарғы сот төрағасы Жақып АСАНОВ.Фото: sputniknews.kz
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз