Баған

ЖСДП сайлауға қатысудан бас тартты

Алматыда «Жалпыұлттық социалдемократиялық партиясының съезі өтіп жатыр. Делегаттарының көпшілігі кезектентыс президент сайлауына бойкот жариялауды ұсынды.

ЖСДП сайлауға қатысудан бас тартты

Делегаттардың сөзінше,биліктің дегенімен өтетін, қуыршақ кандидаттар қатысатын сайлауға түскеннен партияабырой таппайды.

ЖСДП саяси кеңесі президентсайлауына үміткер ретінде ұсынған белгілі журналист Ермұрат БАПИ өзінебілдірген сенімге ризашылығын білдіріп, саяси додаға қатыспайтынын жеткізді.

«Президент сайлауына қатысудың қажеті бар ма? Сайлауға қатыссам, қуыршақ қана боламын. Көптің біріне айналамын. Мемлекеттік қызметте тәжірибем де жеткіліксіз. Бәрі белгілі ғой. Қиын, әрине. Бірақ съез пікірімен санасамын. Кандидатурамнан бас тартамын. Сенім білдіргендеріңізге рақмет», — деді «ДАТ» жобасының жетекшісі Бапи

Сөйтіп, бойкот жариялауға үш делегат қарсыболып, басым көпшілік қолдады. Партия сиезінің сайлауға бойкот жариялау туралықарары да оқылды.

Жармахан ТҰЯҚБАЙ басқаратын саяси партия2011 мен 2015 жылы өткен президенттік сайлауларға да қатыспаған еді.

Кезекті кезектен тыс сайлау 9 маусым күніөтеді. Кандидаттарды тіркеу 11 мамыр күні аяқталады. Қазіргі күнге дейін саясипартиялар мен қоғамдық ұйымдар мына кандидаттарды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев — «Нұр Отан» партиясы, Дания Еспаева — «Ақ жол» партиясы, Жамбыл Ахметбеков — Қазақстан халықтық коммунистік партиясы, Төлеутай Рақымбеков — «Ауыл» партиясы, Амангелді Таспихов — Қазақстан кәсіподақтар федерациясы және Сәдібек Түгел — "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз