Баған

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

21 наурыз – «Жас Алаш» жарық көрген күн. 1921 жылы21 наурызда Алаш жұртымен алғаш рет жүздескен басылым әлі күнге жүрісіненжаңылған жоқ.

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Қазақтың небір текті ұлдары басқарған газет әрдайым айтарын айтыпкелді, бұл үрдіс әлі күнге бізге ғана тән. Билікке шырылдаған шындықты тіліптұрып жеткізу, бүгінгідей қиын сәтте бұғып қалмау, креслоқұмарлардыңсауатсыздығы мен жауапсыздығын әшкерелеу «Жас Алаштың» басты ұстанымы болыпқала береді.

Иә, біз тышқан жылына қадам басқан тұста да тынышотырмасымыз айқын. Өйткені зулаған уақыт өзінің қуанышымен қатар, қиындығын даерте келіп, ел ішінде күрделі мәселелер қалыптасып жатыр. Түрлі заңсыздықтармен бұрмалаушылық, жұрттың жүйкесіне тию, әкімқаралардың өктемдігі менжауапсыздығы, парақорлық пен көпе-көрінеу қиянат жасау жұртты қажытты. Осысекілді кемшіліктерге қарсы тұру, тойтарыс беру, елдің еңсе көтеруінежәрдемдесу «Жас Алаштың» басты міндеті болып қала бермек. Біз елге керекбасылымбыз. Күнделікті редакцияға хабарласатын оқырмандардың ойынан түйгенімізосы. Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, «Газет – халықтың көзі,құлағы һәм тілі» болып отырмыз.

Ұлт мүддесін қорғау, құндылықтарымыздың қадірінбілуге шақыру, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу де біздің төл міндетіміздіңбірі. Мұның барлығын оқырман сезініп отыр. Олар біздің көмегімізге зәру.Сондықтан біз жанашырларымызға әрдайым жәрдемдесуге әзірміз. Тоқсан тоғыз жылдыартта қалдыра отырып, жаңа белеске – 100 жылға қадам бастық. Бір ғасырлықмерейтойды бізбен бірге атап өтуге бел буған оқырмандарымыздың қатары көбейебереріне сенеміз. «Жас Алашты» өзіңіз ғана оқып қоймай, жаныңыздағыжолдастарыңызға да құлаққағыс жасауды ұмытпаңыз. Туған-туыстардың туған күнінегазетті жаздырып беріңіз. Рухани жанашыры жанында жүргенін олар да сезінсін. Ортатолсын, ойлы оқырман!

Бүгінде 16 515-ші нөмірі оқырманға жол тартқан «ЖасАлаш» – қоғамдық формацияның қай кезеңінде де ұлттық мүддені көздеген әріқазірге дейін сол үрдісінен жаңылмаған бірден-бір басылым. Газеттің ең алғашқысаны 1921 жылы 21 наурызда Ташкентте жарық көрді. Оның өзге елде баспа бетінкөруі де кездейсоқтық емес. Өткен ғасырдың 20-жылдары Өзбекстанның бас қаласыОрта Азия мемлекеттері мен Қазақстанның рухани астанасы болғанын ескерсек,жастардың басын біріктіретін одақ атауының түркі әлеміне орайластырыл ы п,ТКЖО деп аталуы да бекер емес. Оның көшбасшысыҒани Мұратбаевтың сол кезде қазақ жастарының үнпарағы іспеттес бір жастарбасылымы қажеттігін айтып, үндеу тастап, үкімет басындағылардан қолдау табуы даөмір талабы болғаны сөзсіз. Алғашқы саны араб қарпінің төте жазу үлгісіменжарық көрген газеттің тұңғыш редакторы Ғ.Мұратбаев, жауапты хатшысы ақын ІлиясЖансүгіров болды. Бірінші күннен бастап ондағы жарияланған мақалалар қазақжастарының намысын оятып, рухани сауаттандыруға бағытталды. Десек те, газеттіңжолы үнемі даңғыл болған жоқ. Сол кездегі қаржы тапшылығына орай, оның атауыбірнеше рет өзгертіліп, 1924-25 жж. «Лениншіл жас», 1926-27 жж. «Жас қайрат»деп аталды. Тіпті тарихи деректер сол бір қиын-қыстау кезеңде газеттің жабылыпқалмауына мүдделі болған А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллинсынды Алаш қайраткерлерінің «Еңбекші қазақтың» бір бетін «Лениншіл жас» дегенатпен шығарғаны айғақтайды. 1927 жылдың 22 қыркүйегінен бастап қайтадан«Лениншіл жас» атанған бұл басылымға тек еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгенкезде ғана бастапқы «Жас Алаш» атауы қайтарылды. Кеңес заманынан бері әржастағы оқырман оны өткірлігі мен батылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы үшінсүйсіне оқыса, тілшілікті өмірлеріне арқау еткен қазақтың әрбір қыз-жігіті бұлгазетті журналистер ұстаханасы ретінде пір тұтты. Ұлтымыздың Ш.Мұртаза,С.Бердіқұлов, У.Қалижанов, А.Жақсыбай, Қ.Құрманғали, С.Әбдірайымов,К.Ахметбеков, К.Сегізбаев, М.Қожахметова, Ж.Бейсенбайұлы сынды қабырғалықаламгерлері осы басылымда қызмет етіп, жазу өнерінің мәйегін бойына сіңірді.Қазақ әдебиетіндегі қос тұлға – А.Сейдімбеков пен Ф.Оңғарсынова алғашқы еңбекжолдарын осы газетте меншікті тілшіліктен бастады. Мұқағалидың алғашқы өлеңдеріосы газетте жарық көрсе, Оралхан Бөкей «Лениншіл жаста» шыққан «Қамшыгер»әңгімесі арқылы танылып, Кенді Алтайдағы «Коммунизм туында» істеп жүргеншағында сол кездегі бас редактор Ш.Мұртазаның шақыруымен 1968 жылы ауысыпкелді. 1970 жылы Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасының осы газетте тұсауы кесілсе,КСРО халықтары әдебиетінің белді өкілдері Ш.Айтматов, Р.Гамзатов, М.Кәрімшығармалары да осы басылым арқылы өз оқырмандарымен қауышты. «Жас Алашты»тыңнан түрен салған басылым деуге әбден негіз бар. Кеңес заманында жазуға тыйымсалынған қазақ батырлары, Алаш қайраткерлері мен төл әдебиетіміздің дамукезеңдері туралы көбесі сөгілмеген тақырыптағы тың дүниелерді оқырмандар тұңғышрет осы газеттен оқып-білді. Мәселен, Ы.Кененбаевтың қазақтың батыр ұлыР.Қошқарбаев туралы «Рейхстагқа ту тігуші» (ЛЖ №86 (7514) 02. 05. 1970 ж.),Ә.Нарымбетовтің ҰОС жылдарындағы қазақ әдебиетінің хал-ахуалы туралы «Қамалбұзған қаһарлы сөз» (ЛЖ №88, (7516) 06. 05. 1970 ж.) атты мақалалары мен ӘнесСараевтың «Маршал мақтаған қазақ» деген (ЛЖ № 58 (7486) әйгілі Жуковтың батасыналған қазақ

жауынгері жайлы жарияланған эссесі осының айғағы.Жастар басылымы үнемі санасы сергек жастармен толығып, бірнеше бас редакторауысты. Әрқайсысының қайталанбас қолтаңбасы қалды. Десек те, Алаш аманатынарқалаған басылымның әр жылдары тұтқасын ұстаған редакторлар Ш.Мұртаза менС.Бердіқұловтың орны бөлек. Журналистер арасында қазірге дейін айтылатын«Шерағаңның шекпенінен шыққандар», «Бердіқұловтың мектебінен өткендер» дегенсөз бар. Бір қарағанда әзіл секілді көрінетін бұл сөздің астарында көл-көсірмән-мағына жатыр. «Жас Алаштың» осынау «алтын ғасырына» куә болған Қазақстанныңқұрметті журналисі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері МағираҚОЖАХМЕТОВА: «1969 жылы КазГУд і б і т і р г е н н е н кейін мен еңбек жолымды«Жас Алаш» газетінен бастадым. Мені жұмысқа алған – Шерхан аға. Ол кездежұмысқа сынақ мерзімімен қ а б ы л д а й т ы н. Бір жылдан кейін Шерағаң басқақызметке ауысып, оның орнына Сейдахмет аға бас редактор болып келді. Ол кездегіәріптестердің бәрі еңбекқор еді. Біздің ұжымның ауызбірлігі де керемет еді.Жылдар өте келе, Ө.Мұқай бір естелігінде ол туралы: «Мен ол кездерді әйгіліПеленің ұйымшыл футбол командасына теңеймін», – деп есіне алыпты. Сейдағаңныңерекшелігі – тілшілерді іссапарға жиі жіберетін. Редакцияға келетін хаттарғабайланысты «Журналист жолға шықты» айдарымен аймақтарға іссапарға шығып, ауылеңбеккерлері мен жеке адамдардың көкейтесті мәселелеріне қатысты өткірмақалалар мен репортаждар жариялап тұратынбыз. Сол жылдары жазасын өтеушіазаматтардың туысқандары жазған хаттарға орай, Семей және Батыс Қазақстаноблыстарының түрмелеріне барып, жазықсыз сотталғандардың өмірінен репортажәзірлеп, араша түскен кезіміз де болды», – деп еске алады. Кеңес өкіметіыдырап, одақтас республикалар дербес мемлекет болуға талпына бастаған90-жылдары ел ішінде саясиэкономикалық өзгерістердің белең алып, жер-жердетүрлі партия белсенділерінің алаңға шығып, жанайқайларын ашық айтып шығатынмезгілі болғаны жасырын емес. Дәл осы кезде – У.Қалижанов редакторлық еткентұста басылым елдің тұтастығы, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге қатыстыкүрмеулі мәселелерді көтеруде республикадағы газет-журналдар арасындағы озығыболды. Ауыл-аймақтың тоз-тозы шығып, ел ішіндегі дүбәра кезеңді халықпен біргекөтеріскен газет тілшілері осы кезеңде өзекті тақырыптарды тілге тиек етіп,халықтың болашақтан күдерін үзбеуіне себепкер болып, рухани демеу көрсетті.Әлбетте, бұл газеттің сол жылдары қоғамдағы жаңғыру мен жаңаруға жаңашакөзқараспен қарайтын жас кадрлармен толығуымен де тікелей байланысты. Бұлтұрғыда мәдениет және спорт министрлігі тіл комитеті төрағасының орынбасарыӘділбек ҚАБА былай дейді: «Университетті бітіргеннен кейін «Арай» журналынаорналасқанмын. С о л ж ы л д а р ы КазГУ қалашығында бір маньяктың бес қыздыөлтіргені тур а л ы м а қ а л а жазған болатынмын. Осынд а й бірнеше өзектіматериалдарым орталық комсомол комитетіндегілердің назарына ілінсе керек, өзімойламаған жерден «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа шақырды. Бірден келістім.Жұмысқа кіріскеннен кейін, бір аптадан соң Атырау облысындағы Қ ұ л с а р ы ғ а« Т е н г и з ш е в р о й л » компаниясындағы сол кезде туындаған мәселелертуралы мақала әзірлеуге іссапарға жіберді. Бір апта бойы зерттей келе, мен еңнегізгі сегіз мәселені: жұмысшыларды жергілікті жерден алу керек; мұнай саласымамандарын ҚазПТИ-дың Атыраудағы филиалында даярлау қажет; экологиялық қондырғыорнату керек; туберкулезге шалдыққан Атырау тұрғындарын медициналық тексеруденөткізу қажет; «Тенгизшевройл» жергілікті халыққа әлеуметтік көмек көрсету үшінжергілікті әкімдікпен келісімшартқа отыруы тиіс деген негізгі талаптардыкөтеріп, «Теңізге теңдік керек» деген мақала жаздым. Осы мақала шыққаннан кейінаталмыш жұмыс орнындағы олқылықтар партия комитеті отырысында қаралып,экологиялық қондырғы орнатпайынша, бір жыл компания жұмысы тоқтап тұрды. Оданкейінгі жылдары компания қойылған талаптардың бәрін орындады». Өткенсіз бүгін,бүгінсіз болашақ жоқ екенін айтар болсақ, бұл басылымның басты ерекшелігі –ұрпақтар сабақтастығының үзілмегендігінде. Жаңа ғасыр басында таралымы 34 мыңғажеткен басылымда «Ырғақ», «Студент», «Отбасы», «Мыңнан бір мезет»қосымшаларымен бірге, «Мақатаев – 22» оқырман хаттарына арналған бет ұдайышығып, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың келелі сұхбаттарының «Ашықәңгіме», «Екеуара әңгіме» айдарлары тұрақты беріліп тұрды. Мұны жастаргазетінің қайта жаңғырғанының белгісі десек, жаңалықтың жаршысы болған «ЖасАлаштың» 2000 жылы «Алтын жұлдыз» жүлдесін иеленуін де заңдылық деп бағалауғаболады. Аптасына екі рет оқырманмен қауышатын бұл басылымнан бүгінгі күні деағымдағы ақпараттармен бірге, саясат және экономика, өндіріс пен экология,әдебиет пен өнер, білім беру, денсаулық, заң және құқық, кәсіпкерлік, басқару жүйесітақырыптарына арналған мақалаларды оқуға қай жастағы оқырманның да мүмкіндігібар. Лайым ғасыр куәгері атанып отырған «Жас Алаш» бұдан кейін де осы үрдісіненжаңылмасын деп тілейік! Арай САХАРИЕВА (1-беттен) Несие демекші, қазір елдеқалыптасып отырған жағдайға сәйкес, қаржы нарығын реттеу және дамыту орталығыкәсіпкерлердің есиесін 90 күнге дейін кешіруге мүмкіндік жасалатынын хабарлады.Енді алдағы 90 күн аралығында несиесін төлемей тұра тұрса болады. Бұл аралықтабанктер олардың несиесіне өсімпұл қоймайды. Несиесін төлемегені үшін несиетарихын жағымсыз санатқа да жібермейді (Айта кету керек, бұл тек кәсіпкерлергеқатысты дүние. Жекелеген адамдарға қатысты мұндай жеңілдік қарастырылған жоқ).Ал бұл қадамды мамандар «суға кеткен тал қармайдының кері», деп отыр.Экономист-сарапшы Марал Төртенованың пайымынша, бұл банкті де, бизнесті де алғажетелей қоятын қадам емес. Себебі үш ай бойы кәсіпкерлер несиесін төлемесе,банктердің көңіл-күйі бұзылады. «Тоқсан күн, яғни үш айға жуық уақыткәсіпкерлер банктерден алған несиесін төлей алмаса, бұл қаржы институттарынааса жағымды емес. Себебі кәсіп иелері банктен аз сомада несие алмайды. Оларүлкен сомада 7-11 пайызбен несие алады. Білесіздер, қаржы нарығын дамыту жәнереттеу орталығы кәсіпкерлердің несиесіне 90 күндік каникул жариялады. Демек,бұл арада 90 күн бойы банктерге несиеден қаржы түспесе, банктерге үкіметтендемеу қаржы бөлуге тура келеді. Өз басым бұл сценарий тығырықтан суырып аладыдеп ойламаймын», – дейді Марал Төртенова. Нарықты дамыту үшін қарызға батпаған,аяғынан тік тұра алатын бизнес керек еді. Өкінішке қарай, елдегі бизнестің 90пайызында несие бар. Ал солардың 60 пайызы қазір несиесін төлей алмайтындеңгейге жетсе, бұл банктерде жағымсыз несие портфелін ұлғайтып, дағдарыстыодан әрі өршітіп жіберетіні даусыз. Сөйтіп, нақ қазір банк пен бизнес арасықинап тұр. Билік «бизнесті несиеден босатайын» десе, банк қиналады. Ал«бизнеске өз күніңді өзің көр» деп тағы айта алмайды. Нақ қазіргі жағдайдаүкімет үшін бизнеспен тіл табысу керек. Болашақта билік бизнестің бабынбілмесе, ішкі нарықтағы баға саясаты шиеленісе беруі әбден мүмкін. Мәселен, 13наурыздан бастап мұнайдың бағасы құлдырап, доллар қымбаттады, ол аздай,тәжтажал да тығырыққа тіреп тұр. Осы тұста импорттан бөлек, отандық өнім детұсауға көнбей кетті. Өмірі қымбаттамайтын Қызылорданың күріші мен Аралдың тұзыда қымбаттап сала берді. Бұған байланысты билік қанша жерден өнім бағасыншарықтатпау керегін айтып тоқпақтаса да, тыңдай қойған жан болмады. Өтімдітауар әлі де қымбаттап жатыр. Бұған қатысты сарапшы Марал Төртенова: «Қазақстанөзін-өзі толық қамти алмайтын елдердің қатарында тұр. Біз өзімізді-өзімізазық-түлік, киім-кешек және басқа қажеттіліктермен толық қамтамасыз етеалмаймыз. Импортқа тәуелді елміз. Отандық өндірістің күші халықты толыққанды өзөнімімізбен қамтуға жетпейді. Осыдан барып үнемі қанша жерден өніміңдіқымбаттатпа десе де, кәсіпкерлер ұтымды сәтті пайдаланып өнім бағасын жоғарықоя алады. Себебі олардың да шығыны, салығы, қосымша құн салығы, транзиттікшығындары, тағы басқа төлемдері бар. Демек, бұл арада үкіметке бизнестіқолдауға қатысты жаңа реформа керек», – деді. Жаңа реформа демекші, осындайдабіздің кезінде нарықтық қағиданы елімізге ендірер тұста француз ғалымы ФридменМилтонның теориясын қалап алғанымыз еріксіз ойға оралады. Жалпы, Милтонныңқағидасы «елде қымбатшылық орнамау үшін ақша массасын қысып, өндірістік салағаемес, қаржы саласына, яғни банктерді қолдауға пейіл аудару керек» дегенгесаяды. Заманында бұл қағиданы тек Қазақстан емес, біраз мемлекет таңдап алған-ды.Бірақ экономикалық жағдайына сәйкес келмегендіктен, қазір дамыған елдерМилтонның өндірістік саланы қолдамайтын монетарлық теориясынан әлдеқашан бастартқан. Ал біз болсақ осы ескірген теорияны әлі де ұстанып келеміз. Елдеөндіріс орындарын дамыту, отандық өнімді қолдау жағы әлі кемшін. Импортқатәуелділіктен құтылуға талпыныс аз. Біздің билік банк секторы мен құрылыссаласын айрықша қолдауды әлі жалғастырып келеді. Ал бұл екі сала бүкілмемлекеттің жоқ-жітігін түгендей алмайды. Сондықтан қит етсе бітті, қазынаданқаржы бөліп, банктерді қолдай жөнелетін қағиданы өзгертіп, отандық өнеркәсіпсаласын дамытуды ойластыратын кезең әлдеқашан жеткенін пайымдайсың.

Арай САХАРИЕВА

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз