15 мыңнан астам бала спорт үйірмелеріне барады

Сайт әкімшілігі

23.10.2020, 08:18

39

Шымкент қаласында 9 қосымша білім беру мекемесі бар. Онда 20 061 оқушы түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады.

Бұл жөнінде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева ақпараттық-коммуникалық орталықта өткен брифинг барысында баяндады.

Сонымен қатар, бас ұстаздың айтуынша қаладағы спорт мектептерінде 15 650 бала түрлі қосымша спорт үйірмелеріне барады екен. Одан өзге, 147 жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерде түрлі үйірмелер ашылып, оған 62 071 оқушы тартылған.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарындағы жалпы 214 506 оқушының 97 752-сі (45,6% )қосымша біліммен қамтылған.

Осы жылы қосымша білім беру мекемелерінің үлесін арттыру және материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында «Балалар эстетикалық саз мектебінің» ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Ал, әкімшілік-іскерлік орталығында мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында салынып жатқан 150 орындық Өнер мектебі жыл соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, Бекет батыр көшесіндегі Өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. 150 орынға лайықталған өнер ордасы жыл соңында пайдалануға беріледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 22:33
«Бизнеске арналған үкімет»
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 25.11.2020, 17:22
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 30 мини-маркет ашылады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.11.2020, 10:14
Байзақтықтар бала таптыру мен жол жөндеуден көш бастап тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42