2 мың адам кәсіптік білім алды

Сайт әкімшілігі

06.10.2020, 09:53

211

Шымкент қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты аясында, яғни еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдау бойынша тындырымды тірліктер атқарылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл қалалық білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларымен және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп қала аумағындағы кәсіпорындардан өтінімдер жинақталған болатын.

Нәтижесінде, еңбек нарығында сұранысқа ие 21 мамандықтың (автокөлік жөндеу слесарі, ағаш және жиһаз өндірісінің шебері, арнайы тігінші, аспаз, дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, пішуші, кондитер, дизайнер, электр газымен дәнекерлеуші және т.б.) және кәсіптік білім беретін 32 білім беру мекемесінің тізімі жасалынды.

Қазіргі таңда оларда жоспардағы 2000 адамның 1990-ы оқуын тәмамдап, тиісті куәліктерін алды. Ал, 10 адам түрлі себептермен оқуды жалғастыра алмаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сатан НҮСІПҚОЖАЕВ 12:21
«Жер сатылмайды» дейді...
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:17
Жайықтың өзі қымбат па, жағалауы қымбат па?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 20.04.2021, 10:35
Оралда әйелін өлтірген шенеунік қамауға алынды
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.04.2021, 10:10
Жыры бітпеген электронды жүйе
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.04.2021, 15:25
Кәсіпкердің көлігі өзеннен табылды
Сайт әкімшілігі 19.04.2021, 09:17
Нұр-Сұлтанның сол жағалауы отқа оранды

Аңдатпа


  • Қонаевтың іс-әрекеттерін қалай бағалауымыз керек?
    09:13
  • Бердіқұлов тағылымы
    09:03
  • Жыры бітпеген электронды жүйе
    20.04.2021, 10:10
  • Артық мұнай қоры бітуге жақын - БАҚ
    19.04.2021, 10:25
  • «Қабырғасы құлай ма» деп қорқамыз»
    16.04.2021, 10:32