30 жылдың қорытындысы: Қарағанды өңіріндегі ауылдарда ауыз су мәселесі қалай шешілуде

Сайт әкімшілігі

15.11.2021, 11:36

322

90-шы жылдары Қарағанды облысының көптеген ауыл тұрғындары ауыз су тапшылығы проблемасына тап болды. 50–60 жылдары салынған желілердің әбден тозығы жетті. Жаңа жүйелер салынбады, білікті кадрлар мен қаржыландыру болмады. 1992 жылы өңірдегі ауылдардың тек 32,6%-ы ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді.

Абай ауданының Есенгелді ауылы – бұрын-соңды су құбыры болмаған ауылдардың бірі. Есенгелді елді мекенінің тұрғыны Федор Калугер ұзақ жылдар бойы колонкаларды, құдықтар мен ұңғымаларды пайдаланғанын еске алады.

– Санэпидемстанцияның қызметкерлері біздің суды тексергеннен кейін әрдайым оның ішуге жарамсыз екенін айтатын. Өткен жылы бізді орталық сумен қамтамасыз етті, жұмысшылар бәрін мұқият және жедел жасады, – дейді ол. – Суды пайдалану өте ыңғайлы бола түсті.

Қазір орталықтандырылған су беру жүйесіне тоғыз көше қосылған. Ауыл тұрғындары кір жуғыш машиналар мен душ кабиналарын сатып ала бастады.

Облыстың ең шалғай түкпірлерінде де халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі міндет түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы шешілді.

Мысалы, олардың бірі – «Ауыз су» бағдарламасы. Оның арқасында 700 мыңнан астам адам тұратын облыстың 150 елді мекенінде су мәселесін бірден шешуге мүмкіндік туды.

«Ауыз судың» орнына «Ақ бұлақ» жобасы келді. Аталмыш жобаны іске асыру барысында халық саны 280 мыңнан асатын 123 ауылда сумен жабдықтау жақсартылды.

2020 жылы облыстың ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау мәселесін «Нұрлы жер» бағдарламасының көмегімен шеше бастады.

Содан кейін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы игі бастамаларға қол жеткізді. Осы күнге дейін жоғарыда атап кеткен бағдарламалар арқасында 1 200 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынды және қайта жаңартылды. Биыл су құбыры және кәріз желілерін ауыстыру бойынша 35 жоба іске асырылуда.

Жылдар өте келе жағдай өзгеруде және бүгінде ауыл халқының 90%-ға жуығы орталықтандырылған сумен қамтылған. Облыс 2025 жылы жүз пайыздық көрсеткішке жетуді жоспарлап отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30