5 қарашада 45 аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімі сайланады

Сайт әкімшілігі

14.09.2023, 16:45

1106

14 қыркүйекте аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға байланысты Орталық сайлау комиссиясының отырсы өтті. Жиналыста 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау 5 қарашада өтетіні хабарланды. 

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

«Биыл аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауы алғаш рет пилоттық режимде өтеді. Заңнамаға сәйкес, пилоттық өңірлердің тізбесін және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды өткізу күнін белгілеу жөніндегі өкілеттіктер мәслихаттарға бекітілген. Сонымен 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізбесін бекітті. Оның ішінде — 3 қала және 42 аудан. Сондай-ақ сайлау өткізу күнін белгілеп шықты. Мәслихаттар қабылдаған шешімдер негізінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қараша айының бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді», — деді Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

Оның атап өтуінше, «Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары мәслихаттың шешімімен белгіленген сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде 50 күн бұрын, яғни, 15 қыркүйектен кешіктірмей тағайындауы керек.

«Сайлауды жариялау, дайындау мен өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ қорытындылау бойынша айрықша құзірет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларына тиесілі екенін тағы да атап өткім келеді. Орталық сайлау комиссиясының осы науқан шеңберіндегі құзіреті әдістемелік және нормативтік қамтамасыз етуде. Мұндай өкілеттіктерді бөлу «Сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген және 2021 жылдан бастап ауылдар, кенттер және ауылдық окургтер әкімдерін сайлау жөнінде өткізілетін науқандар барысында іс жүзінде асырылып келеді. Бұл тәсілде сайлау комиссияларының тәуелсіздігі туралы сайлау заңнамасының конституциялық қағдиаты, олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде қызметіне араласпау толық көлемде жүзеге асырылады, — деді ол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 13:15
Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 12:52
Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:30
Жетісуда көлік жылқыға соғылып, бір адам көз жұмды
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:20
Ливияда болған су тасқыны құрбандарының саны 11 мыңға жетті
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 10:53
Ақтөбе — Қызылорда тас жолының құрылысы 2024 жылы басталады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 16:05
Маңғыстаудағы Торыш тастары ұрланып жатыр

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55