572 медицина қызметкері вакцина қабылдады

Сайт әкімшілігі

05.02.2021, 11:35

1203

Түркістан облысында  коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай егу жұмыстары жүруде. Екі тәулік ішінде облыста 572 медицина қызметкеріне коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады. Өңірге ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 1300 дозасы жеткізіліп, барлық аудандарға таратылды. Өңірде ерікті түрде вакцина салу кезең-кезеңмен жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Түркістан облысында коронавирус індетіне қарсы 20 екпе егу нүктесі ашылған. Сонымен қатар, вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары орнатылған. Бүгінде Covid-19 қарсы вакцина егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеген.

1 ақпаннан бастап жұқпалы індетке қарсы ерікті түрде екпе салу науқаны басталды. Вакцина ең алдымен инфекция жұқтыру қаупі бар саналатын медицина мамандарына салынады. Яғни, жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімі, қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен емханалардағы мамандар. Екпе қабылдаған азаматтар үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20