Абай көшесіне тақтайша қашан ілінеді?

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

06.10.2020, 10:08

1075

Кеншілер шахарындағы  күн көсемнің есімін әйгілеп келген  орталық көшесі енді қазақтың ұлы ақыны  Абайдың атын иеленді. Жағымды хабар  облыстық әділет департаментінің   тіркеуінен өткен  жұма күні  жұрт құлағына жетіп үлгерді.  Әйткенмен, қала басшылары тарапынан ешқандай хабарлама болмады. Атауы өзгерген мекенжайда  әлі қызыл революцияның көшбасшысы – Лениннің  есімі жаңғырып тұр.  Бұдан кейін  атойлаған жаңалыққа сенер-сенбесімізді білмедік.  Мәселенің мәнісін қалалық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Бексұлтановтан сұрап білдік.

Ленин көшесіне Абай атын беру жөнінде қалалық мәслихаттың депутаттары қаңтар айында тыңдау өткізіп, бірауыздан келісім берді. Әріптестерімнің ұсынысы  облыс әкімі мен облыстық мәслихат депутаттары тарапынан  қолдау тапты.  Қарағандылықтардың өтінішін жуырда   республикалық ономастикалық комиссиясы мақұлдады.  Жаңа көше екі күн бұрын  әділет департаментінің тіркеуінен өтіп, ресми сипатта  заңды күшін алды.

 Осынау  сүйінші хабарды көзбен көруге ынтығушылардың  қатары артып келеді. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Серік Ақсұңқарұлы бастап, блогер-ғалым Мейрамхан Жәпек қолдаған қаламгерлер әлеуметтік желі арқылы  атойлаған жаңалықты  жұртпен  бөлісуде.  Ұлт жанашырлары жеке парақшаларында:  «осынау  істің басы-қасында жүрген азаматтарға мың алғыс!» – деп  ағынан жарыла алғыстарын білдірген жазба қалдырған.  Бұл орайда «Жас Алаш» газетінің  аймақтағы  рухани ортаны толғандырған мәселеге қосқан үлесін жоққа шығаруға болмас.   Басылымның  маусым айындағы кезекті санында Арайлым Еркебаеваның   «Абайға көше қимайды»  деген мақаласы жарияланғаны есте.  Қуаныштың ерте-кеші жоқ. Қалалық мәслихат хатшысының айтуынша, таяу күндері   Абай көшесіндегі үйлер мен ғимараттарға кемеңгер ақынның  аты жазылған  тақтайша  ілінед

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батырхан Тоғызов 20.10.2020, 10:58
Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 20.10.2020, 10:51
Биотехнопаркті мақсат еткен Аэлита
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2020, 10:41
Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:17
Карантиндік шектеулер күшейтілді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 20.10.2020, 10:13
Күштінікі – диірмен тартады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:05
Қарағанды билігі жасыл желекке неге шүйлікті?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38