«Абай тігін фабрикасы кімге керек?»

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

11.08.2021, 09:16

1820

Абай қаласының көптеген тұрғынын жұмыспен қамтып отырған Абай тігін фабрикасының бастығы Нұрхан Жұмабеков «мемлекеттік органдар тарапынан аяқтан шалу басталды ма?» деп дабыл қағады.       Абай қаласындағы тігін фабрикасын соңғы жылдары жаңартып, тұралап қала жаздаған өндірісті сақтап қалған кәсіпкер Нұрхан Жұмабеков «мемлекеттік органдар тарапынан бюрократтық әурелеуге тап болдым» деп көмек сұрайды. Бүгінде мәселенің бір ұшы салық комитеті тарапынан шығып тұр. Кәсіпкердің айтуынша, тігін фабрикасын салық тарапы мемлекетке шығын келтіреді деп есептеген.      

– Мемлекет сақтай алмаған фабриканы жылдар бойы қалпына келтіріп,  жұмыс орындарын ашып, салық төлеп отырғанда мемлекетке шығын келтіремін деп ойламаппын. Шілде айында салық органдарынан  «фабриканың жұмысын шығын әкелуге қаупі бар бөлікке жатқызады» деген мағынадағы үш хат алдым. Бұған соңғы үш жылда кәсіпорынның пайдасы болмаған деген себеп келтіреді. Мен соңғы жылдары фабриканы өз қаражатыма жөндетіп келемін, ол менің қаржым әрі табысым», – деп мәлімдеді кәсіпкер Нұрхан Жұмабеков.     

  Жалпы, Абай қаласындағы тігін фабрикасы кеңестік кездің өзінде жұмысы дүрілдеп тұрған танымал кәсіпорын еді. Оның жұмысы 1969 жылы басталған екен. Тек тоқырауға түскен кезеңде нарыққа төтеп бере алмаған фабриканы 1997 жылы банкрот деп жариялап, 2003 жылы кәсіпорынды таратып жіберген. Кәсіпкер 2017 жылы фабриканы банкте кепілде тұрған жерінен сатып алған. Есік-терезесіне дейін тоналған фабриканы күні бүгінге дейін жөндеп келеді. Абай тұрғындары да шағын қаладан жұмыс тапқандарын көңілге демеу қылып отыр.

        Алайда соңғы уақытта Нұрхан Жұмабеков салық органы тарапынан қиындықтар туындай ма, сөйтіп, өндіріс қайтадан тұралап қала ма деп дабыл қағады. Алайда мемлекеттік кіріс комитеті кәсіпкер салық органдарына есеп бергенде табыстың орнына бірнеше жыл қатарынан шығынды көрсетіп келген деп отыр. Осының салдарынан фабрика шығыны басым өндіріс қатарына түсіп қалған. Сонымен қатар кәсіпкер соңғы уақытта өзінен тапсырыс алған компаниялар үшін де қиындық туғанын айтады. Мұндай компаниялар тігін фабрикасымен арадағы келісімшарттың заңды екенін салық органдарына дәлелдеп отырулары қажет екен. Кәсіпкер мұндай әрекеттен шаршағанын айтып дабыл қағуда. Ол өзінің фейсбук парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан тігін фабрикасынан киім сатып алуын өтінеді.

Тегтер: фабрика тігін цех жеңіл өнеркәсіп

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 16:30
Қазақстандықтар министрліктердің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді талқылауда

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39