Абылай аспас Сарыбел

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

27.06.2022, 10:00

3177

Қарағанды облысында атауы орыс тіліндегі Оскаров ауданының атауы өзгереді. Бұл аймақ енді Сарыбел аталатын болды. Аудан атауын өзгертуге қатысты елді мекен тұрғындарына арналған коғамдық тыңдалым өткізілген болатын-ды. «Сельский труженик» газетінің хабарлауынша, қоғамдық тыңдалымға Осакаров ауданы әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттағы тұрақты комиссиясының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты. Халықтың пікірін тыңдауға арналған жиналысқа екі жүз елуге жуық адам жиналды. Бұған дейін қоғамдық тыңдалым Молодежный елді мекенінде де өткен болатын-ды. Айта кету керек, осы Осакаров ауданында облыстың басқа өңірлеріне қарағанда, орысша аталған елді мекендер мен көшелер әлі де көп кездеседі.

– Мамыр айында ауыл және Молодежный елді мекенінің тұрғындары үшін қоғамдық тыңдалым өткен еді. Тыңдалымға қатысқан 692 адамның ішінде 671 тұрғын аудан атауын өзгерту туралы ұсынысты қолдады. 8 адам қарсы болса, 13 адам дауыс беруден қалыс қалды, – дейді Осакаров аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағасы Қанат Саққұлақов.Сондай-ақ халық қалаулысы тұрғындарға аудан атауы өзгерген кезде құжаттарға қатысты жеке тұлғаның шығын шығармайтынын жеткізді.Кейбір тарихи деректерде Осакаров ауданының бұрынғы атауы Сарыбел деп аталғаны көрсетілген. Тұрғындардың басым бөлігі Сарыбел деген атауға қарсы емес екендіктерін білдіреді. Қоғамдық тыңдалымнан кейін аудан атауын өзгертуге қатысты басқа да қадамдар жасала бастайды. 

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.08.2022, 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    15.08.2022, 08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49