Адырбеков көшесіндегі жөндеу аяқталды

Сайт әкімшілігі

14.11.2020, 13:27

89

Шымкенттегі Адырбеков көшесінің бір бөлігі — 800 метрінде жол жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,

жалпы ұзындығы 3,6 км көшенің жаңартылуына мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, аталмыш қаражатқа жаяу жүргіншілер жолы, жол жиектемесі мен жарық қарастырылған.

Адырбеков көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын басталған болатын. Мердігер компаниялар арасындағы кедергілерге байланысты нақты жұмыстар жуырда ғана басталды. Сәйкесінше, Рысқұлов пен Жандосов көшелерінің аралығындағы 800 метрге 2 қабатты асфальт төселіп пайдалануға берілді. Алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстарының талабына сай, 3-қабаты салынады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, көшенің жалғасының жөндеу жұмыстары ұзаққа созылмайды. Сондықтан тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған көшеде жол құрылысын жүргізіп жатқан «Базис-К» ЖШС компаниясы жұмысты 2022 жылы толық аяқтамақ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 22:33
«Бизнеске арналған үкімет»
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 25.11.2020, 17:22
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 30 мини-маркет ашылады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.11.2020, 10:14
Байзақтықтар бала таптыру мен жол жөндеуден көш бастап тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42