Айтылды - орындалды: Алматы облысында көп балалы аналар үшін тігін цехы ашылды

Сайт әкімшілігі

20.05.2021, 10:38

481

Талдықорған қаласында Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен көп балалы және аз қамтылған аналарды жұмыспен қамту мақсатында тігін цехы ашылды. Бірінші кезеңде тұрақты жұмыспен 20-дан астам әйел қамтылып, бұдан әрі жұмыс орындары 30-ға жеткізілмек. Жаңа кәсіпорынды ашу облыс әкімі Амандық Баталовтың биылғы жылдың ақпан айында «Asyl Analar» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесуінде айтылған ұсыныстың негізінде қолға алынып, кездесудің нәтижелі болғанын көрсетіп отыр. Сол кездесуде облыс әкімі көп балалы аналарға тігін цехын ашуға, оған керекті орын тауып беруге, тігін машиналарын және басқа да қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесетінін айтқан болатын. Соған орай бүгін тігін цехы жұмысын бастап, бірінші тапсырысын орындауға кірісті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкісмінің баспасөз қызметі.

Әкімнің тапырмасын орындау мақсатында «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ тарапынан цех ашуға қолайлы орын таңдалып, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Сол сияқты «Jack» әлемдік брендінің заманауи 12 тігін машинасы сатып алынып, 0,01% қаржылық лизингіге берілді. Тігін кәсіпорнының толыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Тігін цехы аталье түрінде жұміс істейді, онда ерлер мен әйелдер киімдерін, арнайы киімдерді, қорғаныс бетперделері тігіледі, күрделі реставрациялар жасалады. Бірінші тапсырыс «Талдықорған көркейту» ЖШС қызметкерлеріне арнап жилеттер тігуге берілді.

Мамандарды оқыту мен олардың біліктілігін арттыру мәселесі де шешілген. Қазір цехтың болашақ 12 тігіншісі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тігін ісінің қысқа курсында оқып жатыр. Бүгінгі күні қажетті біліктілігі бар 5 тігінші шағын фабрикада өз жұмысын бастады.

— Өзіміз сияқты аз қамтылған және көп балалы аналарды жұмыспен қамту үшін тігін цехын ашу туралы ой келгенде, біз көмекке облыс әкімі Амандық Баталовқа жүгіндік. Кездесудің нәтижесінде бізге барлық тиісті көмек көрсетілді. Бүгін арманымыз ақиқатқа айналып, тігін цехы іске қосылды. Біз бірінші кезекте көп балалы аналарды  тұрақты жұмыс орындарымен қамтимыз, екіншіден көмекке мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз. Бізге қолдау көрсетіп, сенім артқандары үшін шын жүректен ризамыз. Ісімізді дөңгелентіп, өзгелерге үлгі боламыз деп ойлаймын, — деді «Asyl Analar» қорының құрылтайшыларының бірі Талшын Туктынова.

Цехтың құрылу тарихы мен өздерінің жоспарлары жайлы аталмыш қоғамдық ұйым құрылайшыларының бірі Айгүл Жоламанова да айтып берді:

— Мен 12 жыл үй шаруасымен айналысып, мүгедек баламды қарап үйде отырдым. Бірде өзім секілді әйелдермен бірге Талдықорған қаласы әкімігінің ықпал етуімен біз қоғамдық ұйым құрамыз деп шештік. Меценаттар мен кәсіпкерлердің көмегімен көп балалы және аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетумен айналыса бастадық. Облыс басшылығының көмегімен бүгін, міне, осы тігін цехын ашып отырмыз. Тігінмен айналысу қолымыздан келеді. Ал келесі жылдары осы тігін цехының базасында оқу орталығын ашсақ дейміз. Ол үшін бізде арнайы жабдықталған ғимарат бар. Сөйтіп біз көп балалы аналарды өзіміз оқытып, өзіміз жұмыспен қамтимыз, тіпті жұмыспен қамту орталықтары арқылы да жұмысқа алуға болады. Қысқаша айтқанда алдағы уақытта цехты кеңейтсек дейміз. «Жетісу» ӘКК басшылығы қажетті көмекті көрсететіндерін айтып сендірді, сол қатарда жұмыс жағынан да, тапсырыс жағынан да қолдау білдіретінін айтты», — деді А.Жоламанова.

Жас маман Айгерім Асанова осы цехтан жұмыс тауып, қуанышқа кенелгендердің бірі.

— Ең алдымен «Asyl Analar» қоғамдық қорын көп балалы аналар үшін тігін цехын ашуымен құттықтаймын. Алғашқы еңбек жолымды осы цехтан бастау бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Мен бұған дейін жұмыс істеген жоқпын, балаларымды бағып-қағып, тәрбиелеумен айналыстым. 4 ұлым бар. Үлкенім 12 жаста. Кішкентайым 2 жасқа толды. Жалғызбасты анамын. Тігін өнерін мектепті бітіре сала меңгеріп алдым. Енді сол білімімді іс жүзінде пайдаға асырамын, — деді көп балалы ана А.Асанова.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39