Әкім Әкімді қабылдады

Сайт әкімшілігі

15.09.2020, 16:50

773

 Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ақын, сазгер, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында шаһар басшысы Елбасы ұсынған рухани жаңғыру — бүгінде ұлттық идея деңгейіне көтерілгенін, мемлекет қоғамның рухани-мәдени дамуына айрықша назар аударып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов ұлттық кодты сақтау мен мәңгілік ел мұраттарына қол жеткізуде шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

—Сіз қазақ поэзиясы мен сатирасына елеулі еңбек сіңірдіңіз. «Қарлығаш», «Гүл қауызындағы тамшы», «Күн ұлымы» атты жыр жыйнақтарыңыз бен әсем әндеріңіз көпшілікке кеңінен танымал. Сонымен қатар Сіздің «Абзалдық әліппесі», «Жүректегі жазулар» сынды туындыларыңыздың тәрбиелік мәні зор, — деген Мұрат Дүйсенбекұлы ақынды асқаралы 60 жасқа толуымен құттықтап, оған шалқар шабыт пен зор денсаулық тіледі.

Айта кетейік, бүгін қаладағы Абай атындағы орталық кітапханада Әкім Ысқақтың 60 жылдығына арналған «Мөлдірейді жүректегі жазулар» атты кездесу кеші мен кітап көрмесі өтті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01
  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    23.05.2022, 10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56