10.10.2020, 06:07
1397
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қ.Кашкимбаев Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жұиыс сапарымен барып қайтты. Сапар барысында Іле-Алатау ұлттық паркінің экологиялық бекетіне, бұрынғы автостанцияға, сондай-ақ көлдің өзіне бақылау жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімімен аралау нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Соның салдарынан "Қазэлектроэнергия" ЖШС, "Қазселденқорғау" ММ және Іле-Алатау ұлттық паркінің өкілдеріне бірқатартапсырмалар берілді.
1) ТЖ болған жағдайда объектілер мен арнайы көліктің жұмысын қамтамасыз ететін қызметтер қызметкерлерінің көлігінен басқа, көліктің барлық түрлерінің өтуіне шектеу (тыйым салу);
2) санитарлық тәртіпті сақтау үшін аумақты қоқыс жинағыштармен және арнайы урналармен қамтамасыз етуге міндетті;
3) ұлттық парк аумағында биодәретханалар мен жеке гигиена пункттерін орнату;
4) бөгетті және келушілердің демалыс объектілерін абаттандырудың эскиздік жобасын әзірлеу;
5) ұлттық парк аумағында телефондандыру және интернет мәселесін пысықтау;
6) көрнекі ақпарат пен көрсеткіштерді орнату;
Жоғарыда аталған іс-шаралар Есік көлінің туристік маңыздылығын арттыруға бағытталған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР