Әкімдер мұраға айналдырған шыны зауыты қашан іске қосылады?

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

08.09.2020, 03:39

1759

Іргетасы қаланғаннан бері дүйім жұрттың талқысында жүрген Қызылорда қаласындағы шыны зауыты жыл аяғында іске қосылады-мыс. Биыл «елорда тойына ашылады» деген жоба тағы да сиырқұйымшақтанып, желтоқсан айына қалды. Бірақ осы уақытқа дейін зауыттың ашылуы жайында түрлі болжамдарымен басты қатырған жергілікті шенеуніктердің сөзіне сенуден қалған бұқара халық мәселенің тоқетерін жоғарғы жақтан білгісі келеді.

Жуырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов шыны зауыты желтоқсан айында пайдалануға берілетінін айтты.

– Шынымен де бұл жоба ұзаққа созылып кетті. Ол 2015 жылы қолға алынған болатын. Зауыт екі жылдың ішінде салынып бітуі тиіс болғанымен, құрылыс жұмыстары 2020 жылға дейін созылды. 2018 жылы Қытайдың China Triumph International Engineering компаниясымен келісімге қол қойдық. Олар мұндай зауыттар салу бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі саналады. Бастапқыда 2019 жылы, 2020 жылдың шілдесі сынды мерзімдер белгіленген еді. Дегенмен коронавирус індетіне байланысты қытайлық мамандар монтаж жұмыстары үшін Қазақстанға келе алмады. Сондықтан құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 жылдың желтоқсанына белгіленген, – деді ол онлайн-конференцияда.

Оның дерегінше, бүгінгі күні зауыт құрылысының 80 пайызы аяқталған.

Осы уақытқа дейін іске қосылмау себебі алдыңғы бас мердігердің жұмыс барысында жіберген ақаулары мен жоба серіктестерінің өзара туындаған даулы жағдайларына байланысты болыпты.

Уақыты озыңқырап кеткен құрылысқа президент те алаңдайтынын білдірген болатын. «Шыны зауыты құрылысын аяқтауымыз керек. Өндіріс орнының аумағында өз деңгейіндегі өндіріс орны мен бизнес-кластерді дамыту бағытында қолайлы жағдай жасалуы тиіс. «Бәйтерек» холдингіне жергілікті әкімдікпен бірге, қазақстандық тұңғыш шыны зауытын іске қосуды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жуырда өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова: «Менің білуімше, аяқталмаған жұмыстардан тек пеш қана қалды. Бұған өңірге келуі тиіс қытайлық мамандар кіріседі», – деді.

Шыны зауытының бүгінгі жайына тоқталсақ.

Жылына 197 мың тонна шыны өндіруге қауқарлы зауыттың құрылыс жұмыстарына 12 мердігер компаниядан 219 жұмысшы жұмылдырылған. Қажетті шикізаттар – кварц құмы, доломит, әктас жергілікті жерден өндіріліп алынуда. Ал өндіріске Еуропа мен Америкадағы жетекші компаниялардың жабдықтары пайдаланылмақшы. Жоба бойынша өнімнің 50 пайызы шетелдерге экспортқа шығарылмақ. Мұнан өзге, газ және сумен жабдықтау, электр желілері, автожол және байланыс орнату үшін жұмыстар жүргізілген.

Шыны өндірісінің базасында логистикалық, буып-түю өндірісі сияқты қосалқы ұйымдар құрылады, бұл қосымша 700-ден астам жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етпек. Келесі жылдың соңына қарай планшеттер мен күн панельдері үшін ультракүлгін шыны өндіретін екінші зауытты іске қосу жоспарланған. Ал зауыттың соңғы өнімі, қалыңдығы 2-ден 12 мм-ге дейінгі әлеуметтік және өнеркәсіптік мақсаттағы шыны табақ болмақ.

Құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан «Orda Glass ltd» ЖШС мамандары «құны 50 миллион доллар тұратын автомобиль және брондалған әйнектерді өндіретін цех салу да жоспарланып отыр» дейді.

Жалпы, құны 150 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жобаның баламасы әзірге Жапония мен Қытайда ғана бар. Шыны зауыты төрт кешенді қамтиды, олар: дайын өнім қоймасы, ішкі теміржол, негізгі цехтар және ішкі инженерлік желілер.

Өнім өндіруге қажетті шикізат толықтай жергілікті Сарышоқы кен орнынан, қосымша қоспалар басқа облыстардан, Ресейден, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан тасымалдануда.

Өндірісті жергілікті мамандар жүргізеді деген болжам бар. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының жоғары оқу орындары мен қызылордалық агроколледжде техникалық білім алып жатқан 500-ге жуық студент осы зауытта еңбек жолын бастамақ.

Ендігі белгіленген меже – алдағы желтоқсан айы. Осы уақытқа дейін бұл мәселенің төңірегінде «әліптің артын бағып келген» халық айтылған уәде мен берілген уәждің тағы да құрғақ сөздің кернеуінде қалып кетпесе екен деп тілейді.

Тегтер: зауыт мұра құрылыс шыны зауыты мердігер өндіріс холдинг әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 11:30
Кітапқұмар қылмыскердің жазасы қысқаруы мүмкін
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 10:28
Шалқар көлін құтқару «операциясы» қашан басталады?
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 10:23
Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:31
Қандасты қан-жоса қылды: Полицейге пәрмен жүрмей ме?
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 09:28
Төтенше жағдай: "АрселорМиттал Теміртау" цехында шатыр опырылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.01.2021, 17:30
Қарағанды облысында карантин күшейеді

Аңдатпа


  • Озат ойдың айбыны
    11:26
  • Өкімі өзінен бұрын жеткен Сақтағанов Семейді басқаруға тағайындалды
    10:23
  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59