Әкімшілік құқықтық қатынас жаңа деңгейге көтерілді

Сайт әкімшілігі

16.07.2021, 09:23

1270

Елімізде жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. Осының негізінде Шымкент қаласында жаңадан құрылған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот жұмысын бастады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық соттың төрағасы Ербол Рахымбеков және құқық қорғау органдарының басшылығы қатысты.

Қалалық сотта өткен жалпы отырыста төраға Е.Рахымбеков Қазақстан Президентінің 2021 жылғы 28 маусымдағы Жарлығымен тағайындалған сот алқасының төрағасымен және судьялармен таныстырды. Төраға судьяларды тағайындалуымен құттықтап, оларға жүктелген міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқаруларына тілектестігін білдірді.

Өз кезегінде қала басшысы бұған дейін Қазақстанда мұндай кодекс болмағанын және жаңа заңнама азаматтардың құқығы мен мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап өтті.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте әкімшілік рәсімдер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің талаптары қамтылған. Енді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгінген әрбір азаматтың өтініші кодекс нормаларымен қорғалып, еліміздегі әкімшілік құқықтық қатынастар жаңа деңгейге көтерілді.

Әкімшілік сот Шымкент қ, Тыныбаев көшесі, 42, мекенжайындағы мамандандырылған соттар ғимаратында орналасқан.

Тегтер: әкім лауазым мансап тағайындау

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31