Алаяқтарға жетпегені партияның атын жамылу еді

Сайт әкімшілігі

28.12.2020, 17:17

1232

Өзін әкімдіктің, құзырлы органдардың, банктің қызметкерімін деп таныстырып, елді алдап, ақша табатын алаяқтар енді партияның атын жамылып пайда табатын дәрежеге жетті. Бәлкім бұл саяси доданың қызып жатқанымен байланысты шығар.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің берген ақпаратына қарағанда, Жетісай аудандық полициясына  жергілікті азаматша арызданған. Ол арызында партиялардың бірінде жұмыс істеймін деген бір азаматтың «Кәсіпкерлерді қолдау мектебінен «Бастау» бағдарламасы бойынша сертификат алып беремін» деп, 120 000 теңгесін алғанын, алайда уәдесінде тұрмай, алдап кеткенін мәлім еткен.

Аталған жайтты полицейлер «алаяқтық» бабы бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Күдікті 3 күн ішінде ұсталды. Тергеу барысында анықталғаны, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, сертификат алуға көмек көрсету үшін алаяқтық жолмен ақшасын алған, содан кейін оны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Сонымен қатар тергеу кезінде оның осындай әдіс-тәсілдермен бұдан басқа тағы екі тұрғыннан 60 мың және 102 мың теңге алғаны анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлем 282 мың теңгені құрайды

-Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатыстылығын анықтау үстінде,-делінген Түркістан облыстық Полиция департаментінің таратқан мәліметінде.

Жалпы соңғы кездері Түркістан облысында алаяқтық қылмыстардың көбейгені байқалады. Биыл тамызда полицейлер дәл осы Жетісай, сонымен бірге оған  көршілес Шардара аудандарында қаржы пирамидасын құрып, жетпістен астам азаматтың ақшасын алаяқтық жолмен иеленіп кеткен қылмыстық топтың жетекшісін құрықтаған болатын. Алаяқтардың партияның атын жамылып пайда табуын естіп отырғанымыз осы.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 30.07.2021, 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 30.07.2021, 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 30.07.2021, 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15