Алматыэпидемиологиялық жағдайы айтылды

Сайт әкімшілігі

12.04.2021, 14:14

969

Алматының санитар дәрігерлері қаладағы 12 сәуірге дейінгі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. 

Алматыда 2021 жылдың басынан бері 22 568 жағдай тіркелген. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 1109,2 көрсеткіш. 

«Соңғы 14 күнде 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі 1,1 пайызға (4,5-тен 3,4 пайызға дейін), 20-39 жас аралығында 3,5 пайызға (39,1-ден 35,6 пайызға дейін) төмендегені байқалады. 40-59 жастағы азаматтар арасында 1 деңгейде 1,4 пайызға (26,7-ден 28,1 пайызға дейін), ал 60 жастан асқан адамдарда 4 пайызға (19,2-ден 23,0 пайызға дейін) артқан», — деді қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

«1 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі сәуірдің соңғы 7 күнінде 64 жағдайға жетті. 2020 жылы 1 жасқа дейінгі балалар арасында барлығы 165 жағдай тіркелді. Ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 107 жағдайдан 372-ге дейін, яғни 3,5 есе артқан», — деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Халықты жұмыспен қамту бойынша соңғы 14 күнде ең көп коронвирус жұқтыру дерегі жұмыс істемейтін тұрғындар арасында тіркелді 35 пайыз (2967 адам). Олардың ішінде, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері 23 пайыз (1977 адам), зейнеткерлер арасында 17 пайыз (1417 адам), оқушылар арасында 6,2 пайыз (527 жағдай) және мектеп жасына дейінгі балалар арасында 4 пайыз 339 коронавирус жұқтыру дерегі анықталған.

«Бұл мутацияланған вирустың нәрестелерге, сәбилерге және егде жастағы адамдарға (60 жастан асқан) кауіп төндіретінін растайды. Халықтың қалған санаттары арасында жағдайлардың 0,3-тен 2 пайызына дейін тіркелді», — деді санитар дәрігерлер.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:10
Сүйек-саяқты қанағат тұтып...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.10.2021, 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті
Б.ЕРНАЗАР 19.10.2021, 07:21
Жемшөп Шымкентте дайындалады
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31