Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Сайт әкімшілігі

21.10.2021, 11:58

853

Түркістан облысында полиция екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан 6 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.  Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

16 қазан күні сағат 19:14 шамасында Шардара аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімі 102 пультіне жол апаты туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына  жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер облыстық маңызы бар Жетісай-Шардара автожолының 172-шақырымында «Opel Vectra» автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Audi-100» автокөлігімен соқтығысқанын анықтады.

  Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жеңіл көліктің жүргізушілері мен 4 жолаушы қаза тапты, олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. 6 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

  Аталған жайт Қылмыстық кодекстің  345-бабы 4-бөлігі «екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша Шардара аудандық Полиция бөлімінде тіркелді. Тергеу жұмыстарымен  Түркістан облысы Полиция департаментінің анықтаушылары айналысуда. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталатын болады.                                            

Осы тұста ескерте кететін жайт, жедел-тергеу тобы оқиға орнын мұқият зерделеу кезінде аталған автожолда қандай да бір заң бұзушылықтар жоқ екенін анықтады. Яғни, жол қозғалысына қатысушылар үшін жақсы көрінетін, жүргізушілерді ескертетін жол белгілері орнатылған.

Тегтер: жол апаты оқиға тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17