Апатты ғимараттың мәселесі шешілді

Сайт әкімшілігі

24.10.2020, 09:37

263

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы елді мекендердің әлеуметтік жағдайымен танысуда. Жуырда әкім мыңға жуық отбасы қоныстанған Бадам-1 тұрғын алабына барды. Бүгінгі таңда аталған тұрғын алаптың басты мәселесі — №105 жалпы орта мектебінің ескі ғимараты болып тұр. Ата-аналардың алаңдаушылығын назарға алған қала әкімі апатты ғимараттың жағдайымен танысып қайтты.

2015 жылы №105 орта мектептің жанынан 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілген. Онда қазір 900-дей оқушы білім алады. Мектеп қазақ-өзбек тілдерінде жүргізіледі. Білім ордасында 90-ға жуық мұғалім дәріс береді.

Ал мектептің ескі нысаны жарамсыз күйде тұр. Балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін Мұрат Әйтенов апатты ғимаратты тез арада сүру туралы тапсырма берді.

— Мектеп — балалардың қауіпсіз білім мен тәрбиені қатар алатын негізгі мекені. Сондықтан ескі ғимаратты бұзып, орнын көгалдандыру қажет. Мектеп ауласында балалар емін-еркін жүре алуы қажет, — деді қала басшысы.

Алдағы уақытта көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкіміне бюджетке өтінім беру жөнінде тапсырма жүктеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.10.2021, 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті
Б.ЕРНАЗАР 19.10.2021, 07:21
Жемшөп Шымкентте дайындалады
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31