Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға сотталды

Сайт әкімшілігі

30.09.2020, 12:40

562

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды «Жас Алаш» «Наша Газета»-ға сілтеме жасап. 

Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша — алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті жария еткені (жылыстатқаны) және пара беруге итермелегені үшін айыпталды.

Экс-шенеунік Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың туыстарынан 1,2 миллион долларды заңсыз алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Мамунов бұл ақшаны алып, 2016 жылы аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін сотталған Ахметжановқа үкімді жеңілдету туралы келісімге уәде берді. Алайда Мамунов оған Қостанайдың бұрынғы әкімінің әйелі мен ағасы берген ақшаны Нұр-Сұлтанда екі Lexus автокөлігі мен 2 бөлмелі пәтер сатып алуға жұмсаған.

«Руслан Мамунов кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіз колонияда жазасын өтей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деп оқыды үкімді Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы Әділхан Шайхисламов.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батырхан Тоғызов 20.10.2020, 10:58
Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 20.10.2020, 10:51
Биотехнопаркті мақсат еткен Аэлита
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2020, 10:41
Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:17
Карантиндік шектеулер күшейтілді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 20.10.2020, 10:13
Күштінікі – диірмен тартады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:05
Қарағанды билігі жасыл желекке неге шүйлікті?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38