Аралда төтенше жағдай

Миуа БАЙНАЗАРОВА

22.07.2021, 10:48

1609

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы  өтті.

Жиында Арал ауданы аумағында төтенше жағдай жариялау мәселесі қаралды.    

Аймақ басшысы күн тәртібіндегі жағдайдың маңыздылығын және осыған дейін жасалған жұмыстарды ескере отырып, бірқатар мәселелерде шұғыл шешім қабылдау қажеттігін атап өтті.Бүгінде қуаңшылық жағдайдағы ауылдық округтер «қызыл», «сары» және «жасыл» болып 3 аймаққа бөлініп, тізбесі әзірленген.Оның ішінде қызыл аймаққа 13 ауылдық округ, сары аймаққа 6 ауылдық  округ  және жасыл аймаққа 4  ауылдық округ енгізілді.

Арал ауданы бойынша 205 822 бас малға қажетті азық көлемі 184 640 тоннаны құраса, бүгінгі күнге ауданға 2190 тонна жеткізілді.

Бұдан бөлек ауданнан ерікті жастардан 14 жасақ құрылып, шөп ору науқанына өз үлестерін қосуда.Аталған жасақтар қазіргі таңда Қазалы ауданының Қарашеңгел, Көларық округінен, Қармақшы ауданының  Жаңажол ауылынан және Сырдария ауданы Н.Ілиясов және Шіркейлі ауылдарынан шабындық жерлерін шабуға жұмылдыруда.

Сонымен бірге 11 шілде күні көршілес Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданына барып жергілікті шаруашылықтармен кездесіп, шөп бағасын қолжетімді етумен қатар шабындық жерлерді оруға келісім жасалды. Қазіргі таңда аралдық 5 бригада шөп орымын бастап кетті.    Комиссия отырысында Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов қабылданған шаралар туралы баяндап, мәселені шешу үшін қажетті іс-шараларды ұсынды. Ауданда мал  өлімінің алдын алу, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында суаттар мен көл жиектеріне ауыл тұрғындарының көмегімен кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылып, жағдай бақылауға алынды.Сонымен қатар,әр елді мекен бойынша пада мәселесі  күшейтіліп арнайы Call-орталығы іске қосылды. Қазіргі таңда мал өлімінің тіркелуі тоқтады.  

Қалыптасқан жағдайды саралаған аймақ басшысы Арал ауданының әкіміне облыстық ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларымен бірлесіп, тиісті министрліктермен жұмыс жасау қажеттігін еске салды.

Сондай-ақ, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына табиғи ресурстар  және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп, облыстық жергілікті атқарушы органның төтенше резервінен қаржы бөлу үшін тиісті құжаттар тізбесін әзірлеп, облыстық қаржы басқармасына ұсынуды тапсырды.

Мұнан бөлек, облыстық қаржы басқармасына жергілікті атқарушы  органның төтенше резервінен қаржы бөлуді қарастыру қажеттігін тапсырды. Облыс әкімі облыстық жұмылдыру  дайындығы басқармасына жергілікті атқарушы органның төтенше резервінен қаржы бөлуді қарастыру қажеттігін тапсырды. 

  Облыс әкімі облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына шұғыл түрде ауданға қарасты елді мекендер малдарын суару үшін бірінші кезекте қажетті 3 су ұңғымасын қазу жұмыстарын ұйымдастыруды міндеттеді. Бұл ретте «Бұрмақұлақ» су арнасын уақытша бөгеу, Бектау каналын тазарту және тоспа салу, жайылымдық және шабындық жерлерді суландыру мақсатында сыр беткейінде орналасқан елді мекендердегі 7 каналдың арнасын тазалау сондай –ақ  су тоспаларын салу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді міндеттеді.Егер республикалық бюджеттен қолдау тапқан жағдайда каналдың арнасын тазалау және су тоспаларының құрылысын салу, 12 ұңғыманың іске қосуды ұйымдастыру қажет деді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына Арал ауданы әкімдігімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жануарларын жем-шөппен қамтамасыз ету мақсатында тасымалдауға қажетті жанар-жағармай шығынын өтеу үшін облыстың төтенше резервінен қаржы бөлуді ұсыну және облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жем-шөп бағаларын тұрақтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, осы саладағы кәсіпкерлердің бірінші кезекте өңірдегі шаруашылықтарды қамтамасыз етуін бақылауға алуын тапсырды. Ал Арал ауданының әкіміне аудан бюджетінен Аспай суағытқысын іске қосу және 49 су ұңғымасының төлқұжатын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыруды, республикалық бюджеттен қолдау тапқан жағдайда су насостары мен арнайы техникаларды сатып алуды қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.

Тегтер: қуаңшылық құрғақшылық мал шаруашылығы мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 09:00
49 миллион теңгенің алтынын әкеткен күдікті ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.11.2021, 11:42
Елордалық дәрігерлер Түркістанға келді

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30