«Артспорт» – балалар үшін мүмкіндік болуы тиіс

Бифат ЕЛТАЕВА

16.09.2022, 16:51

726

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде арнайы «Балалар жылы» белгіленді. Соған орай, балалардың зейінін ашу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

Соның ішінде ең бастысы, балалардың дарынын және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін мемлекет «Артспорт» үйірмесін ашқан болатын. Үйірме балалардың игілігіне нақты жұмсалуын президенттің өзі қадағалап, үкімет басындағыларға арнайы тапсырма берген де еді. Яғни, мемлекет басшысы «Қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетін болды. Бұл қадам үйірмелер мен секцияларға қатыстатын балалардың санын 70 пайызға дейін арттырды. Бұл стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім болды. Әрі жоба аясында ешқандай олқылықтардың болмауына жол берілмеуі керек» деп баса айта отырып, үкімет пен әкімдер қоғаммен бірлесе отырып, балаларды дене шынықтыру және академиялық тұрғыдан бірдей дамыту қажеттігін ескертті. Соның ішінде ауылдық жердегі балаларға көңіл бөлу назардан тыс қалмауын үкіметке тапсырды.

Ел президентінің тапсырмасына сәйкес, үйірме аясындағы олқылықтарды түзету жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Артспорт» бағдарламасы алдағы уақытта қалай жұмыс жасайтындығы жөнінде таныстырып өтті. Оның түсіндіруінше, «қазір балалар «Артспорт» бағдарламасы бойынша спортпен, шығармашылықпен тегін айналысып жатыр. Және алдағы уақытта көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасы мен балаларға қойылатын талаптарға өзгерістер енгіземіз.  Әрі балалардың үйірмелерге қатысуы үшін барлық жағдайды жасап отырмыз. Яғни, ғимараттың санитарлық жағдайы мен қауіпсіздігі, бейнебақылау, спорттық және де қажетті жабдықтармен толық қамтылған.  Сондай-ақ спорт түріне байланысты жаттығуды қай жастан бастап жасауға болатыны да нақтыланды, – дейді Дәурен Абаев.

Айта кету керек, «Артспорт» үйірмесіне қатысып жүрген оқушылар қазіргі таңда сахналарда өз өнерлерін көрсетіп жүр. Әрі спорттағы түрлі үйірмелерге қатысып жүрген оқушылардың да нәтижесі жаман емес. Қазіргі таңда 15 мың үйірме мен секцияға 495 мың бала қатысуда. Сондай-ақ 41 дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылып, оның 32-сі аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде ашылған. Осындай үйірмелер арқылы алдағы уақытта елімізде спорттан және өзге де сала бойынша дарынды балалардың көбейетіндігіне сеніміміз мол.

Тегтер: бала ана тәрбие үйірме шара

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 29.09.2022, 14:10
Сот саласындағы маңызды жүйе
Сайт әкімшілігі 28.09.2022, 16:56
БҚО әкімдігі: Ресей мен Қазақстан шекарасы аумағындағы ахуал толық бақылауда
Бифат ЕЛТАЕВА 28.09.2022, 10:36
Шыныққан бала шымыр болады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 28.09.2022, 05:56
Он екі жыл бұрын ашылған мектеп құлағалы тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 27.09.2022, 15:49
Қарағандыдағы мектепке ұлт қайраткері Тәшеновтің аты берілді
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 27.09.2022, 12:39
Бұқаралық спорт мектептен басталады

Аңдатпа


  • Даниалдар «дань» төлемейді!
    30.09.2022, 08:34
  • Билік халыққа жау ма?!
    30.09.2022, 08:50
  • «Қуантыров қуантпайды, Пірматовтан пайда жоқ...»
    30.09.2022, 08:49
  • Тоны тозған қазақтың – тойы бітпес
    30.09.2022, 08:48
  • Әй, Әлихан, ер жігіттің екі сөйлегені өлгені!..
    29.09.2022, 08:37