Асада шығармашылық орталық ашылды

Сайт әкімшілігі

15.12.2020, 18:23

256

Тәуелсіздік мерекесі күні қарсаңында Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылынан «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығы» ашылды. Бұрындары жатақхана болған, кейінгі жылдары бос тұрған аудан әкімдігі білім бөлімінің теңгеріміндегі ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай жабдықталып отыр. Нысан құрылысына жоба аясында 286 миллион 437 мың теңге қаралып, құрылыс жұмыстарын «Айна-City» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.

Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев: «Облысымызда әлеуметтік нысандар ашылуда. Жолдар жөнделуде. Өңірлер ауызсумен, газбен қамтылуда. Болашағымыз жастар десек, білім саласына да көптеп көңіл бөлінуде. Биылдың өзінде білім саласын, оның ішінде, мектеп соғуға, мектеп-колледждерді күрделі жөндеуден өткізуге мемлекеттен қыруар қаржы бөлінді. Бүгін ашылғалы тұрған білім ордасына да көп қаражат жұмсалды. Ендігі мақсат – қосымша білім беруді сапалы ұйымдастыру. Осыған мықтап көңіл бөліңіздер. Әрине, ұстаз болу оңай емес. Бірақ, біздің балалар жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына осында қызмет ететін әрбір ұстаз өз үлесін қосады деген сенімдемін. Жұмысты жандандыратын да, балаға сапалы білім беретін де сіздерсіздер», – деді шарада сөйлеген сөзінде.

Мұнан соң Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Рахымбек Жапаров сөз алып, ізгі тілегін арнады.

Әрі қарай Ержан Жұматұлы көпшілікпен бірге ішке кіріп, бөлмелерді аралап көрді. Орталықтағы жұмыс барысымен етене танысып, балалардың сурет салып, қызықты математика, ағылшын тілін үйреніп, ғылыми жұмыспен, робототехникамен, аспазшылықпен айналысып, заманауи технологияларды игеріп жатқанын құптады.

Орталық директоры Салтанат Құрманова 1400 балаға арналған орталықта 23 педагог техникалық, көркем эстетикалық, тілдік, биологиялық-экологиялық, сәндік қолданбалы, кәсіптік бағдар беру бағыттары бойынша жұмыс жүргізетінін айтты. Оның айтуынша, балалардың функционалдық сауаттылығын арттыру, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, кәсіби бағдар беру мақсатында техникалық үлгілеу, әуе үлгілеу, кеме үлгілеу, автокөлік ісі, робототехника, қызықты математика, тағам дизайны, аспазшы кондитер, жас суретші, саздан бұйым жасау технологиясы, стоп кадр студиясы, ағылшын тілі, сөйлеу шеберлігі, жас биолог-эколог, химия, киім үлгілеу және этнодизайн, алғашқы медициналық көмек көрсету үйірмелері істеп тұр екен. Әзірге бұл орталықта 548 бала қосымша білім алып жатыр екен.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20