«Asyl mura» волонтерлардың біліктілігін арттырады

Сайт әкімшілігі

21.12.2020, 17:34

150

Жамбыл облысында волонтерлар жылы аясында құрамында 6 мыңнан аса волонтері бар 13 ұйым, 36 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және Тараз қаласы мен барлық аудандық жастар ресурстық орталықтарының жанынан волонтерлық топтар жұмыс атқаруда десек, биыл волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамытатын және волонтерлік ұйымдардың жұмысын үйлестіретін «Asyl mura» фронт-офисі ашылған болатын. Өңірдің тарихи-мәдени объектілерін сақтауда волонтерларды жұмылдыратын және оларға қолдау көрсететін осынау әдістемелік орталық жастар игілігі үшін қызмет көрсетуде.

Өз кезегінде Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа «Asyl mura» фронт-офисі волонтерларды қолдаумен қатар, олардың біліктілігін арттыруға, волонтерлардың басын қосып, шеберлік сағаттарын өткізуге жағдай жасайтынын айтты.

«Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 9,6 миллион теңгеге «Волонтерлер мектебінің жұмысын үйлестіру және олардың әлеуетін дамыту бағытындағы шараларды ұйымдастыру» жобасы  іске асырылды.

Жоба аясында волонтерлер штабы құрылып, материалдық ресурстармен жабдықталды. Тараз қаласында 4 әлеуметтік дүкен ашылды. Әлеуметтік дүкендердің іші толығымен жабдықталып, безендіру жұмыстары жүргізілді. Оған жауапты 3 менеджер (жас) жұмыспен қамтылды. 5 қайырымдылық жәшік әзірленіп, халық көп жүретін орындарға, ғимараттарға орналастырылды. Оған жауапты 25 волонтердің жұмысы ұйымдастырылды.

Короновирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу мақсатындағы арнайы «Халық алғысы» медалімен 35 жас волонтер марапатталды.

Жыл басынан бері облыста жалпы 1381 шара өткізіліп, оған90 мыңнан астам  адам қатысты.

«Ерікті кеңес беру алаңы» бағыты аясында волонтерлар Тараз қаласы мен аудандарда көмекке мұқтаж тұрғындарға құқықтық кеңес беру, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, атаулы әлеуметтік қолдау жасаудың жаңа тетіктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

         Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевтың бекіткен «Жастарға кеңес беру алаңы» жобасын іске асыру мақсатында жыл басынан өзекті мәселелерді қамтыған 22 мемлекеттік мекемелердің мамандарын тарта отырып, барлығы 1841 онлайн-офлайн кеңестер берілді. Оларға 45 мыңға жуық жастар қатысты.

«Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы аясында 162 іс-шара өтті. Аталған бағыт әлеуметтік осал топтағы балалар мен көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға білім берумен айналысады»,- дейді С.Берікқожа.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.04.2021, 14:05
Маңғыстау тас жолында әскери ұшақтар: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді
Сайт әкімшілігі 09.04.2021, 12:55
Алматы облысында карантин күшейді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 09.04.2021, 11:44
Әйтеновтің «А» сценарийі
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09.04.2021, 09:03
Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 13:50
Нұр-Сұлтанның бас санитары Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 08.04.2021, 13:05
Бас санитарлық дәрігерді сотқа берді

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19