«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Сайт әкімшілігі

14.10.2021, 12:01

488

«Бастау Бизнес» жобасы аясында білім алған Әйгерім Жүнісбаева кәсібін ұлғайтуға «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы арқылы 6 пайыздық несие алған. Кәсіпкер Түркістан қаласында «Бастау Бизнес» жобасымен оқып, бизнес-тренердің көмегімен жоба әзірлеп, қаржыландыруға қол жеткізді.

Кәсіпкер қаражатқа жолаушылар тасымалында қызмет көрсетуге көлік сатып алған. Бүгінде ол Шолаққорған-Шымкент бағытында жолаушылар тасымалын бастап кетті.

«Өз ісімді ашуды көптен армандап жүрдім. Үш баланың анасымын. «Бастау-Бизнес» жобасында 1 ай көлемінде оқып, біліктілігімді жетілдірдім. Бүгінде «Атамекен-Түркістан» микроқаржы ұйымы жобамды қаржыландырды. 8 миллион теңге несие алдым. Қуанышымда шек жоқ», – дейді Әйгерім Жүнісбаева.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбековтың айтуынша, қазіргі таңда Түркістан қаласы және өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары арқылы микронесиелендіруге құжаттарды қабылдау белсенді жүргізіліп жатыр. Республика бойынша «Атамекен-Түркістан» МҚҰ алғашқы үштіктің қатарында.

Биыл Түркістан облысының 4 мыңға жуық тұрғыны «Бастау» жобасы бойынша оқу курсына қатысқан. Республика көлемінде бастаулықтардың жобасын қаржыландыруға 22,5 млрд теңге бөлінді, оның 2,5 млрд теңгесі Түркістан облысының үлесінде. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 6 пайызбен несие алуға 729,5 млн теңге сомасында 112 өтінім қабылданып, соның ішінде микроқаржы ұйымымен 244,6 млн теңге сомасында 37 өтінім мақұлданған.

Тегтер: экономика инвестиция кедейлік шегі халық нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Расул ЖҰМАЛЫ 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев
Бақыт ТІЛЕГЕН 20.10.2021, 18:42
Ерікті болу еріккеннің ісі емес
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31