«Ауыл-ел бесігі» аясында атқарылатын тірлік көп

Сайт әкімшілігі

08.04.2021, 14:37

168

Түркістан облысында  «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 1 миллион 300 мың халық тұратын 614 елді мекенде жұмыстар жүргізіледі. Соның ішінде биыл  28 елді мекенде 118 жоба іске асырылады. Осы мақсатқа  бюджет есебінен 5,3 миллиард теңге бөлінген.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрғалығымен өткен жиында бағдарламаның жүзеге асырылуы баяндалды.

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің баяндауынша, білім саласында бір нысан жаңадан салынып, екі нысан күрделі жөндеуден өтеді. Әлеуметтік салалар мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қосымша 42 елді мекендегі 200-ден астам жобаға ұсыныс беріліп, қолдау тапты. Нәтижесінде Келес ауданында жаңа мектептің құрылысы басталып, Түлкібас ауданында жаңа медициналық мекемелер мен үш ауылдағы ауыз су жүйелері жаңартылмақ. Созақ, Отырар аудандарында жаңа мәдениет ошағы салынып, Ордабасы ауданындағы Төрткөл ауылында денешынықтыру және сауықтыру кешені бой көтереді. 104 ауылдағы ішкі көшелер жаңарады.

2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен жалпы 22,8 миллиард теңгеге 334 жоба іске асырылып, 300 мыңға жуық халық тұратын 72 елді мекендегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандардың жағдайы жақсаратын болады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда, мемлекеттік бағдарлама аясында 2022-2024 жылдарға іске асырылатын жобалар тізбесі қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:10
Сүйек-саяқты қанағат тұтып...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.10.2021, 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті
Б.ЕРНАЗАР 19.10.2021, 07:21
Жемшөп Шымкентте дайындалады
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31