Автобустар сенбі күні де жүреді

Сайт әкімшілігі

19.09.2020, 14:17

96

Шымкент қаласының аумағында 14 қыркүйектен бастап 28 қыркүйекке дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, карантиндік шектеу шараларына бірқатар өзгерістер енгізілді.

Жаңа Қаулыдағы негізгі өзгерістер ретін атап өтсек. СПА орталықтары, әсемдік салондар, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер жұмысы таңғы сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін ұзартылды. Ал қоғамдық көлік қозғалысына жұмыс күндерімен қоса сенбі күні де 07:00 ден 21:00 ге дейінгі аралықта жүруіне рұқсат берілді. Жексенбі күні қоғамдық көліктің қызметі тыйым салынған.

Жалпы Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Соңғы тәуліктерде коронавирус жағдайы тіркелмеген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Әбішевтің айтуынша, қазіргі таңда қала бойынша 400 төсек-орын (инфекциялық төсек – 305, провизорлық – 95) бар. Оның ішінде бос төсек-орын – 335-ті немесе  85%-ды құрайды. Ал жүктеменің төмендеуіне байланысты жұмыс істеп тұрған мобильді бригадалардың саны 211-ден 123-ке дейін төмендеді.

Жалпы карантиндік шектеу шаралары эпидемиологиялық ахуалға байланысты өзгеріп отырады. Қала тұрғындары мұны дұрыс түсінуі тиіс. Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына да жоспарлы карантиндік шектеу шаралары және дезинфекциялық жұмыстардың жүйелі атқарылуы бірден бір себеп.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батырхан Тоғызов 20.10.2020, 10:58
Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 20.10.2020, 10:51
Биотехнопаркті мақсат еткен Аэлита
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2020, 10:41
Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:17
Карантиндік шектеулер күшейтілді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 20.10.2020, 10:13
Күштінікі – диірмен тартады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:05
Қарағанды билігі жасыл желекке неге шүйлікті?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38