Аягөзде интернаттағы балалар өлімі: медицина қызметкерлері сотталды

Сайт әкімшілігі

23.12.2020, 15:36

1229

Аягөз балаларға арнайы қызмет көрсету орталығының төрт тәрбиеленушісінің өлімінен кейін үш медициналық қызметкер сотталды, — деп хабарлайды Аягөз аудандық сотының баспасөз қызметі. 

Сот екі медициналық қызметкерді Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі («Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттері») бойынша кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды, сондай-ақ олардың медицина саласында бір жылға жұмыс істеуіне тыйым салды. Жазаны шартты деп санап, пробациялық бақылауды белгілеу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, тағы бір айыпталушы сол бап бойынша кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, 1,5 жылға медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Бұл жаза да шартты болып саналады.

"Үш тәрбиеленушінің өліміне әкеп соқтырған Аягөз БАӘҚКО (балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы) тәрбиеленушілерін ауруханаға жатқызу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау, кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау, оларға немқұрайлы қарау секілді сотталушылар кінәсі толығымен расталды. Қылмыстық кодекстің 317-бабы ауыр емес қылмыстар санатына, осы баптың 4-бөлігі орташа ауырлықтағы қылмыстарға жатады. Сотқа дейінгі тергеу барысында прокурор, сотталушылар мен жәбірленушінің өкілі кінәні мойындау түрінде процессуалдық келісімге келді", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру

Аңдатпа


  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17