Аяулы күз, «алтын күз – 2021»

Сайт әкімшілігі

01.11.2021, 14:24

996

Сенбі күні аудан әкімі Нариман Мақұлбековтың қатысуымен «Алтын күз – 2021» мерекесіне орай диқан Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған театрландырылған көрініс, сала үздіктерін марапаттау, мерекелік ән шашу шарасы өтті.

Айтулы шараға, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, Ы.Жақаевтың ұлы С.Жақаев, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Сыздық, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шиелінің мерей мәртебесі күрішімен, дән ырысымен тағы да меже биігіне көтерілді. Көне тарихтың куәсі, сарабдал шежірешісі Шиелі өңірінің атағын алысқа танытқан ақ алтын – ақ күріш. Алтын дән бидай боп жайқалып, күріш боп ырғалып Шиелінің тайқазанын тасытты. Ырыс пен күріштің шаттық шырайы болған «Алтын дән» мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен ақ күріштің атасы атанған, екі мәрте Еңбек Ері, әлемдік рекорд иесі, даңғайыр дихан Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойымен қатар келіп отыр.

Мерейлі мереке барысында,  облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов облыс әкімінің құттықтау хатын оқып аудан әкімі Нариман Мақұлбековке табыстады. Сонымен қатар, аудан әкімі диқандардың биылғы жеткен жетістіктерін айтып, дала еңбеккерлеріне алғысын білдіріп, мерейлі мерекелерімен құттықтап, «Алтын күз-2021» мерекесі және Ы.Жахаевтің 130 жылдығына арналған іс шарада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің наградаларымен, «Алтын күз-2021» мерекесі және Ы.Жахаевтің 130 жылдығына арналған іс шарада облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Алты Алаштың анасы атанған Сыр өңірінен 102 Социалистік Еңбек Ері шықса, соның 41-і осы Шиелі ауданында еңбек етіп, осы киелі жерде Еңбек Ері атағына ие болған. Аймағымыздағы Еңбек Ерлерінің арасында өзінің есімін тарихта алтын әріптермен қалдырған даңғайыр диқан, әлемдік рекордтың иесі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың орны ерекше. Кезінде облысқа, республикаға ғана емес бүкіл одаққа белгілі диқан, ақ күрішпен атағы шыққан Ыбырай Жақаев сынды ұлы тұлғаны ардақтау, құрметтеу біздің парызымыз. Даңқты диқан атамыз Ыбырай Жақаев сыр маржаны деп атау алған күріш дақылын өсірудің хас шебері, ақ күріштің атасы, дала академигі атанды. 1947 жылы күріштің әр гектарынан 171 центнерден өнім алып, бүгінгі күнге дейін қайталанбаған дүниежүзілік рекорд орнатты. Еңбектегі қаһармандығы үшін әйгілі күріш өсірушіге 1949 және 1971 жылдары екі рет Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ыбекең сонымен қатар, 1946 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталса, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің үш мәрте депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының мүшесі болды, 4 рет Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен, бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің 4 алтын медалімен марапатталды. Атамыздың 130 жылдығына орай ауданымызда «Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев» атты Республикалық ғылыми-танымдық конференция өткізіліп, спорттың ауыр атлетика түрінен Республикалық турнир ұйымдастырылды. Ы. Жақаев мұражайына экскурсиялар жасалып, жастар арасында Жақаевшылар қозғалысы бастау алды. Ыбырай атаның досы, замандасы, даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай Мойынқұм ауданында өткізілген мәдени шараға ауданнан делегация барып, қатысып қайтты. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы ішінде тұрақтылық пен бірліктің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде — елімізде ілкімді істер мен толымды тірліктер атқарылып, бағындырған белестерімізбен алған асуларымыз артты. Ауданымызда бірқатар жобалар жүзеге асырылып, көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінгі мерейтойға  — ауданымыздың  ауылшаруашылығы саласы судың тапшлығына қарамастан    жетістіктермен жетіп отыр. Биыл аудан күрішшілері жоғары  өнімге қол жеткізіп, жыл қорытындысымен Шиелі ауданы егін шаруашылығы бойынша облыста «Озат аудан» атанды, – деді аудан әкімі Н.Мақұлбеков.

Ағымдағы жылы ауданда 2021 жылдың 9 айында ауылшаруашылығы саласы бойынша 25,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,8%-ға артты. 30 189,5 гектар жерге егін егілді. Негізгі дақыл 12 039 гектар күріштің әр гектарынан 55 центнерден өнім алынып, 66214 тонна күріш салысы жиналған.

Шара соңында, аудан басшысы сала ардагерлерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:45
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30