Байзақтықтар бағдарламаның шарапатын көруде

Сайт әкімшілігі

28.11.2020, 20:50

257

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындары «Жұмыспен қамту жол картасы” мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көруде. Атап айтқанда, бағдарлама аясында елдімекендер абаттандырылып, жолдары жөнделіп жатса, бір жағынан ауыл азаматтары үшін жаңа жұмыс орындары пайда болды.

Мәселен, “Үшбұлақ” өндірістік кооперативінің аумағында орналасқан «Барзани» каналына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 38,827 млн. теңге бөлініп, аталған жұмыстар қазіргі таңда аяқталу үстінде. Қосақ ауылындағы Астана, Алатау, Нұрлы жол, Қосқұдық және М.Мәметова көшелеріне түнгі жарық орнатылған. Оған 16,0 млн. теңге қаржы жұмсалыпты.

Сарыкемер ауылының 9 көшесіне (К.Орынқұлов, Жиделі, Р.Медеулов, Досымбеков, Үшбұлақ, Ф.Гаджиев көшелері және Сәтпаев, Қ.Рысқұлбеков, Байзақ батыр бұрылыстары) орта жөндеу жұмыстарына 83,121 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстарының аяқталуын күтіп отыр. Сондай-ақ, №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ауласын қоршауға 19,0 млн. теңге, №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің қосалқы футбол алаңын ағымдағы жөндеуге 3,0 млн. теңге бөлінген.«Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебін жөндеуге 52,0 млн. теңге, Н.Киікбаев мектеп – гимназиясын күрделі жөндеуге 120,5 млн. теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. «Ақылды мектеп» жобасы аясында Н.Киікбаев мектеп-гимназиясына турникет қойылып, кітапхана, асхана және әкімшілік ғимараттары цифрландырылды. Бұдан бөлек, “Сарыкемер – Түймекент” автожолының бойына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атты қазақ» және «Ару қыз» шағын сәулеттік формалары орнатылады.

Жалпы округте 16 243 халық тұрады. Биылғы жылдың 9 айында 184 отбасыдағы 1077 адам 53,7 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмекті алды. Демеушілердің тарапынан 383 отбасыға түрлі материалдық көмектер, осал топтағы 4 отбасы 80 000 теңге көлемінде бір реттік қолдау көрсетілді. 1505 отбасыға 22 569 966 теңге көлемінде коммуналдық шығындарға қаржы бөлінді. Округке қарасты 98 шаруа қожалығы тіркелген.

Өткен жылдан бері Сарыкемер ауылына ауыз су жүйесі жүргізілуде. Ауыз су жүйесін әр аулаға кіргізу бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарды көгілдір отынмен қамту күн тәртібінен түспей отырған мәселе. Көгілдір отынмен қамтылмаған, аз қамтылған 5 отбасының құжаттары бойынша зерделеу жүргізіліп, екі отбасы газбен қамтылды, екі отбасы көп пәтерлі үйде тұрғандықтан, құжаттары дайындалу үстінде.

Елдімекендердегі көшелерді жарықтандыру бойынша Сарыкемер ауылының Ж.Байбосынов бұрылысына 1,386 млн. теңгеге көше жарығы орнатылды. ”Теремок” балабақшасы ғимаратының автотұрағын және кірме жолын жөндеуге 4,495 млн. теңге, Ю.Гагарин орта мектебінің аумағына кіші футбол алаңшасын орнатуға 3,007 млн. теңге жұмсалды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31