Байзақтықтар бала таптыру мен жол жөндеуден көш бастап тұр

Нұрболат ӘЛДИБЕК

25.11.2020, 10:14

337

Халық санының өсуі бойынша өңірде көш бастап тұрған Байзақ ауданында биыл жол жөндеу жұмыстары да қызу жүріп жатқанын көзбен көріп қайттық. Бұл ауданда жолға төселетін асфальт та өздерінен шығады екен. «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауытында тәулігіне 1100 текше метр асфальт өндіру мүмкіндігі бар.

      «Бір шақырым жолға асфальттің өзіндік құны 12 миллион теңге шамасында. Өнім өндіруде технологиялық талаптар қатаң сақталады. Сапасы арнайы лабораторияда тексеріліп, стандартқа сай болғаннан кейін ғана шығарылады» деген байзақтық жолға жауапты мамандар жыл сайын аудан аумағындағы автомобиль жолдарын жаңғырту, орта және ағымдағы жөндеуден өткізу және жұмысты белгіленген мерзімде жүзеге асыру жіті бақылауда екенін айтады.

       Ал аудан әкімі Нұржан Нұржігітов жолға қатысты жұмыстар жайында ақтарыла айтып берді. «Жалпы, аудан бойынша республикалық – 56, облыстық – 134,75, аудандық деңгейдегі 132,07 шақырым автомобиль жолдары бар. Он сегіз ауылдық округке қарасты 43 елді мекенде ұзындығы  421,1 шақырымдық 434 көше бар. Облыстық маңызы бар Тараз–Сарыкемер–Түймекент–Ақшолақ автожолының 3,4-14,4 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары, Тараз–Жетібай–Тегістік–Ойық автожолының 1,7-7 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Аталған автожолдың 7-20, 20-40, 40-60 шақырым аралығына да орта жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Жоба мақұлданған жағдайда ол 2021-23 жылдары жүзеге асырылмақ.

        Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1 миллиард 573 миллион  314 мың теңге бөлініп, 18 ауылдық округтегі 89 көшеге жалпы қашықтығы 122 шақырымды құрайтын орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге барлық елді мекен көшелері бойынша мердігерлері анықталып, жалпы жұмсалатын қаражат 1 миллиард 451 миллион  793 мың теңгені құрады.       Аталған 87 көшеге жөндеу жұмыстары басталып, бүгінгі күнге атқарылған жұмыстар 97,8 пайызды құрайды. Яғни 67 көшенің  жұмыстары толығымен аяқталды», – деген аудан басшысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша да республикалық және облыстық бюджеттен 395 миллион 681 мың теңге бөлініп, 13 нысан, атап айтқанда, Қостөбе ауылында, Сарымолдаев көшесі және Сарыкемер ауылында Орынқұлов бұрылысы, Орынқұлов 1-6 бұрылыстарына және 1-6 кешеннің көшелерін, жалпы ұзындығы 27,484 шақырым орта жөндеуден өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

         Осы жылы бұдан бөлек, облыстық және аудандық бюджеттен 50/50 паритеті негізінде 144,5 миллион теңгеге төрт аудандық мәндегі жалпы ұзындығы 8,42 шақырымдық Ақшолақ стансасы кіреберісі, Үшбұлақ стансасы кіреберісі, Сарыкемер–Қусақ–Мырзатай, Түймекент–Ақжар–Әскери бөлімше автомобиль жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

      Биылғы Байзақтағы жолға қатысты атқарылған осы жұмыстардың қорытындысы бойынша жыл соңында аудандағы ұзын-ырғасы 152,8 шақырым елді мекен көшелері жөндеуден өтетіні жоспарланыпты. Нәтижесінде жалпы 421 шақырым елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық үлесі 372,1 шақырым немесе 88,4 пайыз, 132,7 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 121,5 шақырымды немесе 92 пайызды құрайды екен.

     Аудан аумағындағы жолдарға жөндеу жүргізу өз кезегінде жұмыссыздықты жоюға да өзінің игі әсерін тигізіп отырғанын аңғардық. Өйткені байзақтық шенділер жол жөндеп жүрген жұмысшылардың дені жергілікті тұрғындар болуды қаперде ұстапты.

Тегтер: ауыл аудан демография жол жөндеу құрылыс жоба

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 22.10.2021, 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31