19.02.2021, 09:46
1075
Павлодар облысы Ақсу қаласындағы балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін есепші 14 млн теңгені қолды етті деп айыпталып отыр.
Облыстық ішкі аудит департаментіне түскен шағым негізінде мемлекеттік мекеме өкілдері балабақшаның есеп-қисабын тексерген. Сол кезде бухгалтердің қитұрқы әрекеті әшкере болды. Алдын ала есептеулер бойынша, шығын көлемі 14 млн теңге шамасында болып отыр.
— Балабақшаның есепшісі тауар жеткізушілерге төленуі тиіс қаржы мен қызметкерлердің еңбекақысын өзінің және жақын туысының есепшоттарына аударып келген деген күдікке ілінді, — дейді ішкі аудит департаментінің бөлім басшысы Анар Мұратова.
Аталмыш іске қатысты шешім шығару үшін материалдар экономикалық тергеулер департаментіне жолданды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР