03.09.2020, 07:58
156
Шымкентте 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндері балабақшамен қамту 86 пайызды құрайды. Мұндай ақпаратты қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті.
–Шымкентте 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 86,1 пайыз. Мұны 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу қажет. Көрсеткіш қуамыз деп сапаның естен шықпағаны жөн. Қазір қаладағы 526 мектепке дейінгі ұйымның 85 пайызы жекеменшік үлесінде. Ондағы тәрбие сапасына да айтылып жатқан сын жоқ емес. Мемлекеттік органдар мен ата-аналар бірлесіп, санды сапаға айналдырар кез келді,-деді қала басшысы әкімдікте өткен жиында.
Бүгінде қалада 19 үш ауысымды мектеп бар. Жылына мектеп оқушылары 12 мың балаға көбейіп отырғанын ескерсек, осы жағдайды ұстап тұру үшін бізге жылына кем дегенде 5-6 мектеп салып отыру қажет.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР