Балқашта командалық - штабтық оқу жаттығу өтті

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

26.07.2022, 11:55

802

Сақтық шараларын сақтауды өмірдің қандай кезеңінде болсын ұмытпауды насихат етіп жүретін төтенше жағдайлар қызметі еліміздің әр өңірінде оқу жаттығу жұмыстарын күшейтуде. Жақында Балқаш қаласында екі күн бойы " Бейбіт және соғыс уақыты жағдайында төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған кезде басқару органдарының, авариялық — құтқару қызметтерінің  және тұрғындардың іс — әрекеттері " тақырыбында командалық — штабтық оқу — жаттығу өтті. Мұндай шараны өткізудегі мақсат ол  азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің түрлі режимдерінде авариялық — құтқару қызметтерінің басқару органдарының басшыларын оқыту мен олардың жұмыста қолданатын тәжірбиелерін пысықтап, төтенше жағдай кезінде қолданатын дағдыларын байқап қарау. Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғау саласында қызмет ететін мамандар бірінші кезекте қандай жағдай болмасын сақадай сай дайын тұруы тиіс. Балқаш қаласындағы бұл оқу — жаттығу жұмыстары екі кезеңмен жүзеге асырылды. Қала аумағындағы барлық төтенше жайттан хабардар етіп тұратын  электрсиреналар мен дауыс зорайтқыштардың  дайындығы,  олардың іске қосылуы жіті қадағалаудан өткізілді. Төтенше жағдай қызметі мамандарының дайындығын пысықтауға бағытталған оқу — жаттығуға облыстық ТЖД бөлімшелері, Балқаш қаласының әкімдігі мен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі  қалалық комиссия, эвакуациялық қабылдау комиссиясы және азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдар қатысып ат салысқан.

Командалық — штабтық оқу — жаттығудың екінші кезеңінде қалалық шұғыл әрекет ету жасағының және адамдарды іздеу, құтқару командалары арасында қарым қабілеттері мен жіті қимылдарын көрсетуге бағытталған байқау ұйымдастырылды. Құтқарушы мамандар шынайы өмір жағдайына ұқсас оқиғаларда өз тәжірбиелерімен күнделікті жұмыстағы дағдыларын көрсетті. Тұрғын үйде газ балоны жарыла қалған сәт болса, адам өмірін құтқару үшін жасалатын маңызды қадамдар пысықталды. Сонымен қатар, адамдар көп шоғырланған аумақтарда өрт сөндіру жұмыстарына қатысты оқу жаттығу  өткізілді. Төтенше жағдай режимінде құтқарушылар мен қоса әкімдік мамандары және қарапайым адамдар сақтық шарасының алғы шарттарын сақтауды әркез ұмытпай сол дағдыларға бейім болып жүруі маңызды. Бірінші кезекте қала мен елді мекендерде қауіпті ескертетін дабыл жүйелері еш кедергісіз жұмыс жасап тұруы тиіс. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше қауіпті жайт туындаған кезде болып қалуы мүмкін оқиғалар кезінде төтенше жайт мамандары мен шенеуніктердің іс — әрекет дағдылары  тексеріліп, баға берілді. Оқу — жаттығу жұмыстары шынайы жағдайға негізделген  әдіспен өткізілгендіктен мамандарға барынша қарым қабілеттерін көрсетуге тура келді. Төтенше жағдай мамандары мұндай  командалық  деңгейде өткізілетін оқу — жаттығу шаралары  жұмыс барысында қолданатын әдіс дағдыларды пысықтап, өздерін шыңдай түсетінін айтады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 23.09.2022, 15:56
Өнерлі балалар – болашақтың алтын діңгегі
Еркежан АРЫН 23.09.2022, 09:49
Қашан 27 миллион қазақстандық болады?
Еркежан АРЫН 22.09.2022, 14:53
«Дәрмек» операциясы аясында еcірткі лабораториялары табылды
Б.СӘРСЕНБІ 21.09.2022, 16:38
Шымкент – туристер көп келетін қала
Бифат ЕЛТАЕВА 20.09.2022, 13:16
«Алматыны дамыту – 2030» бағдарламасының маңызы зор
Б.СӘРСЕНБІ 19.09.2022, 08:49
Жаңа әкім бақылауды күшейтті

Аңдатпа


  • Безбүйрек үкімет. Қуыршақ депутат. Таңдаусыз сайлау
    23.09.2022, 08:47
  • Жемқорларға жем болған Қазақстан
    23.09.2022, 08:42
  • Аймағамбетовтің құлағына «Алтын сырға»
    23.09.2022, 08:37
  • 25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады
    22.09.2022, 13:38
  • Әкімді әйел билесе...
    22.09.2022, 08:41